Украина президенті Владимир Зеленский Ресеймен дипломатиялық қатынасты үзгені туралы мәлімдеді.

Сейсенбіде ол Украина Сыртқы істер министрлігінен Ресей Федерациясымен дипломатиялық қатынасты үзу туралы сауал келіп түскенін хабарлаған. Бұл – Украина Ресей аумағынан елшіліктері мен консулдықтарын толық құрамда қайтарып алады деген сөз.

Сондай-ақ, ол ниет білдірген барлық украиналыққа қару-жарақ таратылатынын мәлімдеді. Зеленскийдің айтуынша, ел билігі аумақтық қорғанысқа қатысуға ниет білдірген барлық украиналықтан санкцияларды алып тастайды. Президент ел азаматтарын Украина Қарулы күштері үшін қан доноры болуға шақырды.


Оқи отырыңыз: