Тікелей эфир

Украинамен әуе қатынасының тоқтауына байланысты Қазақстанда сенім телефоны іске қосылды

Байланыс орталығы күн сайын сағат 9.00-ден 18.30-ға дейін жұмыс істейді.

Қазақстанның авиациялық әкімшілігі Украинамен әуе қатынасының тоқтатылуына байланысты жолаушыларға кеңес беретін сенім телефонын іске қосты. Бұл туралы Азаматтық авиация комитеті хабарлады.

Жедел желі телефондары: +7 (7172) 798-213, +7 (7172) 798-215. Байланыс орталығы 5 наурызға дейін күн сайын сағат 9.00-ден 18.30 аралығында жұмыс істейді.

Ресейдің Донбастағы арнайы әскери операциясының басталуына байланысты Украинаға және Украинадан ұшулар тоқтатылды.


Оқи отырыңыз: 


 

Серіктестер жаңалықтары