Украина президенті Владимир Зеленский украиналықтарға үндеу жасап, бүкіл Украинада әскери жағдай енгізілгенін мәлімдеді. Бұл туралы ол Укриана президенті кеңсесінің Facebook-тағы ресми парақшасында хабарлады.
"Бүгін президент Путин Донбасста арнайы әскери операция жүргізілетінін хабарлады. Ресей біздің әскери инфрақұрылымымызға және шекарашыларымызға, шекара отрядтарына шабуыл жасады. Украинаның көптеген қаласында жарылыс дыбысы естілді. Біз мемлекетіміздің барлық аумағына әскери жағдай енгіземіз. Бір минут бұрын мен президент Байденмен сөйлестім. АҚШ халықаралық қолдау жинауды бастап кетті. Бүгін сізден, әрқайсыңыздан тыныштық сақтау талап етіледі, мүмкіндігінше үйде болыңыздар. Біз жұмыс істеп жатырмыз. Әскеріміз, Украинаның барлық қауіпсіздік саласы жұмыс істеп жатыр", – деді Владимир Зеленский.
Ол өзінің, Ұлттық қауіпсіздік және қорғаныс кеңесі мен Украинаның Министрлер кабинеті әрдайым Украина халқымен байланыста болатынын айтты.
Оқи отырыңыз:
- Украина жолаушылар ұшақтары үшін әуе кеңістігін жапты
- Ресей Украинаның әскери нысандарын зымыранмен атқылап жатыр
- Путин Донбасста арнайы әскери операция жүргізу туралы хабарлады
- Brent мұнайы баррелінің бағасы 100 долларға жетті
- Дархан Қалетаев Украинадағы ахуал туралы: Есігіңді теуіп кіріп жатса, қандай сезімде болар едің?
- Қазақстанда Украина сценариі қайталануы мүмкін бе? Ермұхамет Ертісбаевтың жауабы
- Ресей мен Украина шиеленісі Қазақстанға қалай әсер етуі мүмкін?