Тікелей эфир

Путин Донбасста арнайы әскери операция жүргізу туралы хабарлады

Ресей президенті ел халқына үндеу жасады.

Ресей президенті Владимир Путин ел халқына үндеу жасап, Донбасста арнайы әскери операция жүргізу туралы шешім қыблдағанын жария етті.

Ол қазіргі ахуалдың жылдам әрекеттерге баруды талап етіп отырғанын айтты.

"Донбасс халық республикасы Ресейден көмек сұрап хабарласты. Осыған байланысты БҰҰ жарғысының 7-бөлім, 51-бабына сәйкес, арнайы әскери операция жүргізу туралы шешім қыблдадым. Оның мақсаты – 8 жыл бойы Киев режимі тарапынан геноцидке ұшыраған адамдарды қорғау" деп атап өтті Владимир Путин.


Оқи отырыңыз: Ресей мен Украина шиеленісі Қазақстанға қалай әсер етуі мүмкін?


Ол бұл мәселеде парламенттің ортақ ұстанымы болғанын қалайтынын атап өтті. 

"Ресейге тікелей шабуыл агрессор үшін ауыр салдарларға әкелетініне ешкімнің күмәні болмасын", – деді Ресей президенті. 

21 ақпан күні Владимир ДХР және ЛХР тәуелсіздігін мойындап, олардың басшыларымен достық, әріптестік және өзара көмек туралы шартқа қол қойған болатын.

Серіктестер жаңалықтары