Тікелей эфир

Украина Ресеймен дипломатиялық қатынасын үзді

Ресей аумағынан Украинаның елшіліктері мен консулдықтары толық құрамда қайтарылады.

Украина президенті Владимир Зеленский Ресеймен дипломатиялық қатынасты үзгені туралы мәлімдеді.

Сейсенбіде ол Украина Сыртқы істер министрлігінен Ресей Федерациясымен дипломатиялық қатынасты үзу туралы сауал келіп түскенін хабарлаған. Бұл – Украина Ресей аумағынан елшіліктері мен консулдықтарын толық құрамда қайтарып алады деген сөз.

Сондай-ақ, ол ниет білдірген барлық украиналыққа қару-жарақ таратылатынын мәлімдеді. Зеленскийдің айтуынша, ел билігі аумақтық қорғанысқа қатысуға ниет білдірген барлық украиналықтан санкцияларды алып тастайды. Президент ел азаматтарын Украина Қарулы күштері үшін қан доноры болуға шақырды.


Оқи отырыңыз: 


 

Серіктестер жаңалықтары