Тікелей эфир

Қорғаныс министрі украиналықтарды қолға қару алып, сапқа тұруға шақырды

Қару алу үшін азаматтың қолында төлқұжат болса жеткілікті.

Украинаның Қорғаныс министрі Алексей Резников елдің толық қорғаныс режиміне көшетінін мәлімдеді. 

Ол қару алу үшін аймақтағы аумақтық қорғаныс күштерінің бригадалары мен батальондарына жүгіну керек екенін айтты. Қару алғысы келген адамның қолында төлқұжат болса жеткілікті. 

"Құрметті, әріптестер-отандастар! Жау шабуылдап жатыр, бірақ біздің әскеріміз берік. Украина толық қорғаныс режиміне көшеді. Қару ұстай алатын және қолына қару алуға дайын адамдар дәл қазір өз өңіріндегі Украинаның аумақтық қорғаныс күштерінің қатарына қосыла алады", – деп жазды ол Facebook желісінде

Сондай-ақ, Украина Ұлттық полициясының басшысы Игорь Клыменко Ұлттық полицияның аймақтардағы бас департаменттері басшыларына елді қорғауға дайын ішкі істер органдарының ардагерлеріне қару-жарақ беру туралы бұйрық берді.


Оқи отырыңыз: 


Бұл мақала сізге пайдалы болды ма?
0

  Егер мәтінде қате болса, оны белгілеп, Ctrl+Enter батырмасын басыңыз

  Егер мәтіндегі қатені смартфонда көрсеңіз, оны белгілеп, «Қатені хабарлау» батырмасын басыңыз

Серіктестер жаңалықтары