Бүгін Украинадағы қазақстандықтарды эвакуациялайтын алғашқы рейс Польшадан ұшады
Жоспар бойынша, 468 қазақстандықты эвакуациялау үшін үш рейс ұйымдастырылады.Украинадан эвакуациялауға 486 қазақстандық өтініш білдірді, деп хабарлады Қазақстан Республикасының Украинадағы төтенше және өкілетті елшісі Дархан Қалетаев.
"Жасыл дәліз әзірленді. Енді ең бастысы – адамдардың Львовқа жетуі. Львовқа жету қиындап кетті: көлік жоқ, тіпті ақшаға да жалдай алмай отырмыз. Әзірге 486 адам эвакуацияға өтініш берді. Рейс Польшадан ұшады", – деді ол.
Қазақстандықтан Львовқа уақытылы жете алса, алғашқы ұшақ бүгін ұшуы тиіс.
"Шамамен бір сағаттан кейін елшіліктен 100 шақты адам аттанады. Консулдықта 1500 адам ғана тіркелген, қазір жаңадан тіркеліп жатқандар да анықталуда", – деп қосты ол.
Львовқа аттанатын алғашқы жүз адамның ішінде Air Astana президенті Питер Фостер де бар.
"Азаматтар әлі жолда келе жатыр. Бір сағаттан кейін кететін топқа көбі үлгере алмайды. Сондықтан біз оларды елшілікте қабылдап, Львовқа жеткізуге тырысамыз. Питер Фостермен адам санына қарай қанша рейс жасау қажет болса, сонша рейс ұйымдастыру туралы келістік", – деді Дархан Қалетаев.
Жоспар бойынша, 468 қазақстандықты эвакуациялау үшін үш рейс ұйымдастырылады.
Оқи отырыңыз:
- Бүкіл Украина аумағында әскери жағдай енгізілді
- Қорғаныс министрі украиналықтарды қолға қару алып, сапқа тұруға шақырды
- Украина жолаушылар ұшақтары үшін әуе кеңістігін жапты
- Украинамен әуе қатынасының тоқтауына байланысты Қазақстанда сенім телефоны іске қосылды
- СІМ Украинадағы Қазақстан азаматтарын эвакуациялау туралы хабарлады
- Ресей Украинаның әскери нысандарын зымыранмен атқылап жатыр
- Путин Донбасста арнайы әскери операция жүргізу туралы хабарлады
- Brent мұнайы баррелінің бағасы 100 долларға жетті
- Дархан Қалетаев Украинадағы ахуал туралы: Есігіңді теуіп кіріп жатса, қандай сезімде болар едің?
- Қазақстанда Украина сценариі қайталануы мүмкін бе? Ермұхамет Ертісбаевтың жауабы
- Ресей мен Украина шиеленісі Қазақстанға қалай әсер етуі мүмкін?
- Тоқаевтың баспасөз хатшысы Ресей мен Украинадағы жағдайға қатысты сұхбат береді
- Лукашенко: Беларусь Украина аумағындағы әскери операцияға қатыспайды