Тікелей эфир

"Қазақстан" шахтасынан төртінші кеншінің денесі табылды

Бұған дейін компания қайтыс болған үш кеншінің есімін жария еткен еді.

Шахтадағы апат кезінде көз жұмған төртінші кеншінің денесі табылды, деп хабарлайды "АрселорМиттал Теміртау" компаниясының баспасөз қызметі. 

"Төртінші кеншінің денесі табылды, Халиков Артур Ринатұлы 1994 жылы туған, 4 разрядты жерасты электр шебері, еңбек өтілі – 10 жыл. Марқұмның әріптестері, компанияның бүкіл ұжымы мезгілсіз қайтыс болған жолдастың туған-туыстары мен жақындарына қайғыларына ортақтасып көңіл айтады", – делінген хабарламада. 

Еске салсақ, 17 тамыз сағат 10.05-те "Қазақстан" шахтасында Д6 (горизонт-170 м) көмір еңісін қазып жатқан конвейер таспасы өртенді. Өрт кезінде шахтада болған 227 адамның 222-сі жер бетіне аман-есен шығарылды. Бес адам жер астында қалды. Кейін құтқарушылар олардың үшеуінің денесін тапты. 


Оқи отырыңыз: "Қазақстан" шахтасындағы апат: Қайтыс болғандардың есімі жарияланды


ҚР Премьер-министрі Әлихан Смайылов 19 тамызда қайғылы оқиға болған шахтаға келді. Шахтинск жиналысында ол "АМТ" компаниясының жұмысшылар қауіпсіздігін тиісті деңгейде қамтамасыз етпей, пайда табуға ғана назар аударылғанын айтты.

Үкімет басшысы қаза тапқандардың барлық отбасыларына мемлекет пен жұмыс берушіден жәрдемақы, тұрғын үй, оқу ақысы, жұмысқа орналасу және кредиттерді өтеу сияқты қажетті қолдау көрсетілетінін мәлімдеді.

Бұл мақала сізге пайдалы болды ма?
0

  Егер мәтінде қате болса, оны белгілеп, Ctrl+Enter батырмасын басыңыз

  Егер мәтіндегі қатені смартфонда көрсеңіз, оны белгілеп, «Қатені хабарлау» батырмасын басыңыз

Серіктестер жаңалықтары