Тікелей эфир

"Қазақстан" шахтасындағы апат: Қайтыс болғандардың есімі жарияланды

Фото: Компанияның баспасөз қызметі
Фото: Компанияның баспасөз қызметі
Тағы екі кенші іздестіріліп жатыр.

"Қазақстан" шахтасындағы апат кезінде қайтыс болған үш азаматтың есімі белгілі болды. Тағы екі кенші іздестіріліп жатыр, деп хабарлайды ArcelorMittal Temirtau компаниясының баспасөз қызметі. 

Бұған дейін 222 адам жер бетіне шығарылғаны және үш адамның мәйіті табылғаны хабарланған болатын. 

"Үлкен өкінішпен, қайғымен мезгілсіз кеткен әріптестеріміз туралы хабар береміз: Стешин Денис Геннадийұлы 1978 жылы туған, 4 разрядты жерасты үңгушісі, еңбек өтілі – 21 жыл; Бургун Виктор Сергейұлы 1966 жылы туған, 5 разрядты жерасты электр шебері, еңбек өтілі – 39 жыл; Слюньков Виталий Владимирұлы 1965 жылы туған, жерасты электршебері, еңбек өтілі – 39 жыл", – делінген компания хабарламасында. 

Мұнымен қатар компания екі кеншіні іздестіру жұмыстары жалғасып жатқанын хабарлады. Қазіргі сәтте тау қазбасында іздеу бойынша қосымша жоспар жасалып жатыр.


Оқи отырыңыз: "Қазақстан" шахтасындағы апат: Екі жұмысшының өлі денесі табылды, тағы үшеуі іздестіріліп жатыр


Еске салсақ, 17 тамыз сағат 10.05-те "Қазақстан" шахтасында Д6 (горизонт-170 м) көмір еңісін қазып жатқан конвейер таспасы өртенді. Өрт кезінде шахтада болған 227 адамның 222-сі жер бетіне аман-есен шығарылды. Бес адам жер астында қалды. Кейін құтқарушылар олардың үшеуінің денесін тапты

ҚР Премьер-министрі Әлихан Смайылов 19 тамызда қайғылы оқиға болған шахтаға келді. Шахтинск жиналысында ол "АМТ" компаниясының жұмысшылар қауіпсіздігін тиісті деңгейде қамтамасыз етпей, пайда табуға ғана назар аударылғанын айтты.

Үкімет басшысы қаза тапқандардың барлық отбасыларына мемлекет пен жұмыс берушіден жәрдемақы, тұрғын үй, оқу ақысы, жұмысқа орналасу және кредиттерді өтеу сияқты қажетті қолдау көрсетілетінін мәлімдеді.


Оқи отырыңыз: Тоқаев Алматыда өрт кезінде әрекет ету оқу-жаттығуларын ұйымдастыруды тапсырды


 

Бұл мақала сізге пайдалы болды ма?
0

  Егер мәтінде қате болса, оны белгілеп, Ctrl+Enter батырмасын басыңыз

  Егер мәтіндегі қатені смартфонда көрсеңіз, оны белгілеп, «Қатені хабарлау» батырмасын басыңыз

Серіктестер жаңалықтары