Тікелей эфир

Әлихан Смайылов "Қазақстан" шахтасында қаза тапқан кеншілердің отбасымен кездесті

Апаттан кейін екі кенші іздестіріліп жатыр.

Әлихан Смайылов Қарағанды облысына барып, "Қазақстан" шахтасында апат салдарынан қаза тапқан шахтерлердің отбасы мүшелерімен кездеседі, сондай-ақ әкімдік пен орталық мемлекеттік органдар басшылығымен жедел кеңес өткізеді, деп хабарлады Үкіметтің баспасөз қызметі.

Шахтинск қаласында Премьер-Министр бірінші кезекте кеншілердің бірі – Артур Халиковтың анасымен және жұбайымен сөйлесті, кеншіні іздеу жұмыстары жалғасып жатыр.

Сонымен қатар Әлихан Смайылов өткен жылдың қараша айында Ленин атындағы шахтада қаза тапқан Арман Қашкейдің жұбайымен кездесті.


Оқи отырыңыз: "Қазақстан" шахтасындағы апатта қаза тапқан азаматтардың отбасына қандай көмек көрсетіледі


Еске салайық, "Қазақстан" шахтасында өрт шыққан кезде жер астында 227 кенші болды.

Бұл мақала сізге пайдалы болды ма?
0

  Егер мәтінде қате болса, оны белгілеп, Ctrl+Enter батырмасын басыңыз

  Егер мәтіндегі қатені смартфонда көрсеңіз, оны белгілеп, «Қатені хабарлау» батырмасын басыңыз

Серіктестер жаңалықтары