Тікелей эфир

"Қазақстан" шахтасында апат болып, жұмысшылар эвакуацияланып жатыр

Қарағанды облысында "Қазақстан" шахтасы өртеніп жатыр.

17 тамыз күні сағат 10:05-те "АрселорМиттал Теміртау" АҚ Көмір департаменті "Қазақстан" шахтасында Д6 көмір еңісін игеру барысында конвейерлік таспа өртенді. Бұл туралы "Арселор-Миттал Теміртау" АҚ баспасөз қызметі хабарлады.

"Аварияны жою жоспары енгізілді. Шахтаны желдету жүргізіліп жатыр. Оқиға орнына "Кәсіби әскерилендірілген авариялық-құтқару қызметі" республикалық орталық штабының (15 маманы мен 5 техникасы) және Төтенше жағдайлар департаментінің (8 маманы мен 2 техникасы) 3 бөлімшесі барды", – деп жазылған хабарламада.

Шахтадада 227 адам болған. Шахтадан қаптал ұңғыма арқылы адамдар жоғары шығарылып жатыр. Оқиға орнына "Кәсіби әскерилендірілген авариялық-құтқару қызметі" республикалық орталық штабының (15 маманы мен 3 техникасы) және ТЖМ-ның (8 маманы мен 2 техникасы) қосымша күштері бара жатыр.


Оқи отырыңыз: Көмір жалмаған өмір


"Казахстанская шахтасында сағат 12.22-дегі ақпаратқа сәйкес, оқпандардан 166 адам жер бетіне шығарылды. Апат кезінде шахтада 227 адам, жер бетінде 75 адам болған", – деп хабарлады компанияның баспасөз қызметі.

Қарағанды облысы әкімдігі өз кезегінде 182 адамның жер бетіне шығарылғанын хабарлады. 

"Шахтада барлығы 227 адам болды, шахтаның қаптал арқылы адамдарды жер бетіне шығаруда. Қазіргі сәтте 182 адам жер бетіне шығарылды. Бұл жерге қосымша "КӘАҚҚ" РШМ (15 қызметкер және 3 техника бірлігі) және ТЖД (8 қызметкер және 2 техника бірлігі) күштері келеді", – делінген жедел хабарламада. 

Серіктестер жаңалықтары