Отбасы банкі əскери қызметшілерге бастапқы жарнасыз ипотекалық кредит беру бағдарламасын əзірлеп жатыр. Бұл туралы премьер-министр Әлихан Смайыловтың Сенат депутаттарының сауалына берген жауабында жазылған.
Сенат депутаттары үкімет басшысынан келісімшарт бойынша әскери қызметке келгендерге баспана алу үшін алғашқы жарнаның сомасын төмендету және тұрғын үйді жалдауға бөлінетін қаражатты республика бойынша бірыңғайландыруды сұраған еді.
"Отбасы банк" АҚ əскери қызметшілердің тұрғын үйді сатып алуға бастапқы жарнасының сомасын төмендету мақсатында əскери қызметшілерге бастапқы жарнасыз ипотекалық кредит беру бағдарламасын əзірлеуді жүзеге асыруда", – деп жазылған үкімет басшысының жауабында.
- Қазақстанда әскерге шақыру жасы 30 жасқа дейін арта ма? Министрлік жауабы
- 2023 жылы "Бақытты отбасы" тұрғын үй бағдарламасына 20 млрд теңге бөлінеді
Сонымен қатар, Әлихан Смайылов Президент әкімшілігінің тапсырмасымен Үкімет тұрғын үй төлемін жүзеге асыру бойынша қолданыстағы тəсілдерді қайта қарайтынын да хабарлады.
Еске салайық, қазіргі таңда әскери қызметшілер "Әскери баспана" тұрғын үй бағдарламасы аясында баспана ала алады. Бұл жеңілдетілген несие бағдарламасының екі бағыты бар:
"8/15":
- бастапқы жарна –15%;
- пайыздық мөлшерлеме – 8%;
- несие мерзімі – 25 жылға дейін.
"6/50":
- бастапқы жарна – 50%;
- пайыздық мөлшерлеме – 6%;
- несие мерзімі – 25 жылға дейін.
Оқи отырыңыз: Сенатор: Квотаны толтыру үшін әскерге денсаулығы жоқ бозбалаларды да жіберіп жатыр