Тікелей эфир

Сенатор: Квотаны толтыру үшін әскерге денсаулығы жоқ бозбалаларды да жіберіп жатыр

Депутаттың айтуынша, соңғы екі жылда 237 әскери қызметші қаза болған.

Қазіргі кезде міндеттелген квотаны толтыру үшін әскер қатарына денсаулығы жоқ бозбалалар да кетіп жатыр, деді сенат депутаты Дана Нұржігіт премьер-министр Әлихан Смайыловқа жолдаған депутаттық сауалында.

"Біз 13-14 жастағы ер балалардың денсаулығы, тән саулығы, психикасы, психологиясы үнемі бақылауда болуы керек деп есептейміз. Әскерге шақыру комиссиясының алдына келгенше ол баланың бүкіл психо-физикалық портреті, барлық ақпарат арнайы электронды кітапшада жиналып тұрғаны дұрыс. Қазіргі кезде міндеттелген квотаны толтыру үшін әскер қатарына денсаулығы жоқ бозбалалар да кетіп жатыр", – деді Дана Нұржігіт. 

Сенатор үкіметті әскери қызметшілердің өмірі мен денсаулығын сақтау жөніндегі жұмысты күшейтуге шақырды. Депутаттың айтуынша, соңғы екі жылда 237 әскери қызметші қаза болған. Оның 89-ы – аурудан, 62-сі – жол апатынан, 50-і суицид салдарынан көз жұмған.


Оқи отырыңыз:


Депутат әскери қызметшілердің әл-ауқатын жақсарту туралы да айтты. Оның айтуынша, мұнда шешімін таппаған мәселелер қордаланып қалған.

"Қарулы күштер  қатарындағы келісім-шарт бойынша қызметке келген  бірінші жылдағы солдаттың жалақысы – 82 мың теңге. Қазақстан дәрігерлерінің жалақысы көтерілгенде, еліміздің әскери дәрігерлері бұл үлестен қалыс қалып, бүгінде олардың жалақысы 200 мың теңгені құрайды. 2021 жылдан бері "Әскери баспана" бағдарламасы аясында Отбасы банкі алғашқы жарнаны 5%-дан  20%-ға дейін өсірген. Ал әскери  жалақы 100 мыңға да жетпейтін жас әскери маман баспананың алғашқы 20 пайызын қалай төлемек? Осыдан кейін барып, әскери адамның қоғамдағы  мәртебесі туралы  қандай сөз қозғауға болады?", – деді депутат.  

Серіктестер жаңалықтары