Тікелей эфир

2023 жылы Қазақстанда 37 мың адам әскерге шақырылады

Әскерге шақыру наурыз-маусым, қыркүйек-желтоқсан аралығында жүргізіледі.

Ашық НҚА порталында жарияланған Үкімет қаулысының жобасына сәйкес, Қазақстанда 2023 жылы Қазақстанда 37 056 адамды әскерге шақыру жоспарланып отыр. 

Әскерге шақыру кампаниясы наурыз бен маусым және қыркүйек пен желтоқсан аралығында жүзеге асырылады. 

Әскерге 18 жастан 27 жасқа дейінгі ер азаматтар шақырылады. 

2022 жылы көктемгі науқанда 17 мыңға жуық азамат әскерге шақырылса, күзде олардың саны 18 мыңды құрады. 


Оқи отырыңыз: Қазақстан тұрақты әскер саны бойынша әлемде 70-орында


Еске салайық, таяуда генерал-майор, "ҚР Қарулы күштері ардагерлері" қоғамдық бірлестігі төрағасының орынбасары Марат Нағұманов әскери қызметке шақыру жасын 27-ден 30 жасқа дейін көтеруді ұсынған болатын. 

"Қазір елімізде жастар жасы 29-дан 35-ке дейін көтерілуде. Бұл – халықаралық үрдіс. Тиісінше, мерзімді әскери қызметке шақыру жасын 27-ден 30 жасқа дейін көтеру қажет", – деп түсіндірді бұл ойын генерал-майор.


Оқи отырыңыз: Қарулы күштер ардагері: Әскерге шақыру жасын 27-ден 30-ға көтеру қажет


 

Бұл мақала сізге пайдалы болды ма?
4

  Егер мәтінде қате болса, оны белгілеп, Ctrl+Enter батырмасын басыңыз

  Егер мәтіндегі қатені смартфонда көрсеңіз, оны белгілеп, «Қатені хабарлау» батырмасын басыңыз

Серіктестер жаңалықтары