Қазақстанда депозит бойынша өтемақы 2023 жылғы наурыз айында төленеді. Бұл туралы Отбасы банкінің Instagram желісінде оқырмандар сауалына берілген жауапта айтылған. 

Айта кетейік, депозит бойынша өтемақыға өтініш қабылдау мерзімінің аяқталуына 5 күн қалды. Өтемақыға өтініш беру тәртібі жөнінде осы жерден оқи аласыздар. 

Өтемақы 2022 жылдың 23 ақпанынан 2023 жылдың 23 ақпанына дейін депозитте жатқан ең төменгі сомаға төленеді. 10% сыйақы салым бойынша сыйақы мөлшерлемесінен тыс төленеді. Өтемақы төлеуге жататын депозиттердің көбі – 1 миллион теңгеге дейінгі салымдар. Өтемақы төленетін ең жоғары сома – 20 миллион теңге.


Оқи отырыңыз: 


Еске салайық, 2023 жылғы ақпан айының басында Отбасы банкінің салымшылары 122 520 теңге сыйлықақы алды. 2022 жылдың қорытындысы бойынша депозиттерге барлығы 75 млрд теңге аударылды.