Алматы тұрғыны Бақытжан Нұртазин коронавирусқа қарсы Спутник V вакцинасын салдырғаннан кейін қайтыс болды. Соған орай, оның қайтыс болу себептерін анықтау үшін тергеу жүргізіліп жатыр. Сот-медициналық сараптама басталған.
"Азамат Бақытжан Нұртазин, 1979 жылы туған, биыл 12 сәуір күні емханаға коронавирустық инфекцияға қарсы вакцинаның алғашқы дозасын алу үшін жүгінген. Процедура хаттамаға сәйкес өтті. Екпеден кейін Бақытжан Нұртазин 30 минут бойы бақылауда болған, ешқандай шағым жасамаған. 21 күннен кейін вакцинаның екінші компонентін алған. Дәрігердің қарауы кезінде жағдайы қанағаттандырарлық болған, екпе процедурасынан кейін 30 минут бақылауда болып, Бақытжан Нұртазин үйіне кеткен. Жағдайы үйінде нашарлаған. Жедел жәрдем келгенге дейін қайтыс болған", – делінген Алматы Қоғамдық денсаулық басқармасының хабарламасында.
Алдын ала болжамдарға сәйкес, жедел жүрек-қантамыр жетіспеушілігінен қайтыс болған. Қайтыс болу себептерін анықтау үшін тергеу жүргізіліп жатыр, сот-медициналық сараптама басталды. Нәтижелер қосымша хабарланатын болады, нақты диагноз гистологиялық зерттеуден кейін белгілі болады.
Оқи отырыңыз:
- Коронавирусқа қарсы вакцина салу. Не білу қажет?
- "Спутник V" вакцинасы туралы не білеміз?
- Қазақстанда жаппай вакцинация басталды. Екпе салдыру кімдерге қауіпті?
- Қазақстан Pfizer вакцинасын сатып алады. Елдегі эпидахуал қандай?
- Covid-ке қарсы вакциналар: 8 факт пен 4 сұрақ
- Коронавирусқа қарсы түрлі вакцинаны қатар алуға бола ма? Мамандар жауап берді
- ҚМДБ "Спутник V" вакцинасы халал екенін мәлімдеді
- Ауыз берік кезде вакцина салдыру оразаны бұзбайды