Алматы қаласының бас имамы Еркінбек Шоқай ауыз берік кезде вакцина салдыру оразаны бұзбайтынын мәлімдеді. Оның сөзінше, вакцина қажетті азық немесе адам ағзасына қуат беретін дәрумен емес:
"Шариғат бойынша кез келген нәрсе табиғи жолдар (ауыз, мұрын, тік ішек) арқылы ішке кірсе, оразаны бұзады. Ал дене арқылы кірсе, оразаны бұзбайды. Демек, тері астына және бұлшық етке емделу үшін ине салса, ауыз ашылмайды. Екпе (вакцина) – ол бактерия, вирус секілді микроорганизмдерден алынып, адам организміне жұқпалы аурулардан алдын ала сақтану және олардың иммундық қасиетін арттыру үшін егілетін препарат. Ол қажетті азық немесе организмге қуат беретін дәрумен емес. Сондықтан адам денесіне (тері астына, бұлшық етке, жамбасқа, көк тамырға) инемен екпе егу оразаны бұзбайды".
Оқи отырыңыз: Коронавирус вакцинасы оразаны бұзбайды
Осыған дейін Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы өкілдері Covid-19-ға қарсы вакцинаны қабылдау оразаны бұзбайтынын, дәрумендер мен қоректік қасиеті бар инъекцияларды қоспағанда емдеу мақсатында қолданылатын инъекцияларға рұқсат етілгенін мәлімдеген болатын. Сондай-ақ, басқарма "Спутник V" вакцинасын халал деп танып, Ислам дінінде екпе жасауға тыйым салынбайтынын хабарлаған болатын.
Еске сала кетсек, Қасиетті Рамазан айы 13 сәуірде басталып, 12 мамырға дейін жалғасады. Мамырдың 8-інен 9-ына қараған түн – Қадір түні. Пітір садақа сомасы – 420 теңге.
Оқи отырыңыз:
- Қазақстан қалалары мен елді мекендері бойынша 2021 жылғы ораза кестесі
- Тарауық намазы "қызыл" аймақтағы өңірлерде оқылмайды. Ораза кезінде қандай діни рәсімдерге рұқсат?
- Шаш кесу, тырнақ бояу, тіс жұлдыру, екпе салдыру. Ораза ұстаушыға не рұқсат, неге тыйым салынған?
- Құран оқу, пітір беру, салауат айту, отбасыға көңіл бөлу. Оразада орындайтын 10 амал
- Оразадан кейінгі ораза. Алты күндік Шәууәл оразасы туралы 11 дерек
- Қадір түнін үйде қалай өткізген жөн?
- Ораза айт мерекесін үйде қалай өткізген жөн?