USDUSD: 502.9 / 507.9
  • EUREUR: 524.5 / 530.5
  • RUBRUB: 5.37 / 5.49
Тікелей эфир
Алматы +1C
  • +1°C Алматы
  • -16°C Астана
  • -2°C Ақтау
  • -15°C Ақтөбе
  • -12°C Атырау
  • -12°C Балқаш
  • -15°C Жезқазған
  • -14°C Қарағанды
  • -11°C Көкшетау
  • -17°C Қостанай
  • -5°C Қызылорда
  • -17°C Павлодар
  • -17°C Петропавл
  • -18°C Семей
  • -9°C Талдықорған
  • 0°C Тараз
  • +1°C Түркістан
  • -21°C Орал
  • -21°C Өскемен
  • +1°C Шымкент
Алматы +1C
  • +1°C Алматы
  • -16°C Астана
  • -2°C Ақтау
  • -15°C Ақтөбе
  • -12°C Атырау
  • -12°C Балқаш
  • -15°C Жезқазған
  • -14°C Қарағанды
  • -11°C Көкшетау
  • -17°C Қостанай
  • -5°C Қызылорда
  • -17°C Павлодар
  • -17°C Петропавл
  • -18°C Семей
  • -9°C Талдықорған
  • 0°C Тараз
  • +1°C Түркістан
  • -21°C Орал
  • -21°C Өскемен
  • +1°C Шымкент

Turkiye bursları: Түркияда қалай тегін білім алуға болады

Фото: sondakika.com
Фото: sondakika.com
Бағдарламаға құжат қабылдау 20 ақпанда аяқталады.

Türkiye Bursları – әлемнің түкпір-түкпірінен үздік студенттер мен зерттеушілерге Түркияның жетекші университеттерінде толыққанды немесе қысқа мерзімді бағдарламаларға қатысу мүмкіндігін беретін, мемлекет тарапынан қолдау көрсетілетін стипендиялық бағдарлама. Informburo.kz осы бағдарламаның талаптары мен артықшылықтарын, құжат ұсыну шарттарын түсіндіреді. 

Бағдарлама туралы

Türkiye Bursları бағдарламасының негізі 2012 жылы қаланды. Содан бері бағдарлама әлемнің 170-тен астам елінің студентіне есік ашады. Жыл сайын мыңдаған шетелдік студентке шәкіртақы беріледі. 

2012 жылы барлығы 40 мың өтінім қабылданса, 2024 жылы 121 мың адам өтінім берген. Әр жыл сайын шамамен 5 мың жаңа грант тағайындалады. Әлем бойынша осы уақытқа дейін 150 мыңға жуық түлек стипендия алған.

Кімдерге арналған?

Бағдарлама бакалавриат, магистратура, докторантура және зерттеу бағдарламалары бойынша оқуға ниетті шетелдік студенттерге арналған. Оған қоса, белгілі бір саладағы мамандарға арналған арнайы бағдарламалар да бар.

Түлектер мен 11-сынып оқушылары, оқуы тамыз айының соңына дейін аяқталатын соңғы курс студенттері, зерттеушілер мен академиктер қатыса алады.

Олар бағдарламға өтінім беру кезінде 12 оқу орнын таңдай алады.

Түркия азаматы және қазір сонда білім алып жатқандар үміткер бола алмайды.

Бағдарламаның артықшылықтары

Ай сайын шәкіртақы:

  • бакалавр студенттеріне – 4500 лира;
  • магистратура студенттеріне – 6500 лира;
  • докторанттарға – 9000 лира;
  • оқу үлгерімі жоғары студенттерге "Үздік жетістік стипендиясы" ретінде ай сайын екі есе көп шәкіртақы төленеді;
  • зерттеу стипендиялары саласына байланысты ай сайын 25 000 лираға дейін жетеді. 

Жатын орын:

Шәкіртақы иелері жатақханалар бас басқармасына қарасты KYK жатақханаларында немесе жеке жатақханаларда тұра алады. Ал пәтер жалдап тұрғысы келетін студенттерге ай сайын тұрғын үй көмегі ретінде қосымша қаражат беріледі. 

  • Бакалавриат студенттері оқуы аяқталғанша жатақханада тұра алады. Жатақхана ақысын шәкіртақы орталығы төлейді. 
  • Магистратура мен докторантурада оқитын студенттерге оқудың бірінші жылында жатақханада тұру құқығы беріледі. Қалған жылдары Ыстанбұл мен Анкара қаласында оқитын студенттерге пәтер жалдау үшін ай сайын – 4000 лира, басқа қалаларда оқитын студенттерге 3 000 лира көлемінде тұрғын үй көмегі беріледі.  

Медициналық сақтандыру:

Түркия стипендиялары төтенше жағдайларда немесе басқа қажет жағдайларда кең таралған медициналық қызметтерді пайдалана алуы үшін барлық студентке тегін медициналық сақтандыру жасайды.

Түрік тілін үйрену мүмкіндігі:

Егер студенттің оқуы түрік тілінде өтетін болса, ол бір жылдық тегін түрік тілі курсын оқиды.

Әуе билеттері:

Шәкіртақы иесінің Түркияға келуі және оқу аяқталған соң еліне қайтуы үшін әуе билеттерін шәкіртақы орталығы алып береді. Ол үшін студент Түркияға келер алдында және оқуын аяқтағаннан кейін жеке кабинеті арқылы билетке сұраныс жібереді. 

Бағдарлама шарттары

Бағдарламаға қатысу үшін үміткерлерге қойылатын талаптар:

Жас шектеуі:

  • Бакалавриатқа үміткерлер – 21 жастан;
  • Магистратураға үміткерлер – 30 жастан;
  • Докторантураға үміткерлер – 35 жастан;
  • Зерттеу бағдарламаларына үміткерлер – 50 жастан аспауы тиіс.

Академиялық көрсеткіштер:

  • Бакалавриатқа – GPA кемінде 70%;
  • Магистратура мен докторантураға – GPA кемінде 75%;
  • Медицина, фармацевтика және стоматология бағдарламалары үшін – GPA кемінде 90% болуы шарт.

Түрік тілі курсы

Түрік тілі дайындық курсы тек түрік тілінде білім беретін мамандықтар мен бағдарламалар үшін ғана емес, сонымен қатар ағылшын және басқа да шет тілдерінде білім беретін мамандықтар мен бағдарламаларға қабылданған түрік тілін білмейтін барлық студенттер үшін міндетті.

Тіл курсы студенттердің университетке оқуға түскен қалаларында орналасқан Түрік тілі оқыту орталықтарында (TÖMER) өткізіледі . 8 айға созылатын және маусым айында аяқталатын түрік тілі дайындық курсы соңында студенттерден C1 деңгейіндегі түрік тілі жеткіліктілік сертификатын алу талап етіледі.

Оқу ұзақтығы:

Оқу ұзақтығы бір жылдық түрік тілі курсын қоспағанда:

  • Бакалавриат – 4-5 жыл;
  • Магистратура – 2-3 жыл;
  • Докторантура – 3-4 жыл.

Шәкіртақы иесі бұл мерзім ішінде оқуын аяқтап, диплом немесе диссертация жұмысын қорғап үлгермесе, қосымша бір жыл мерзім ала алады. Медицина, стоматология және фармацевтика студенттеріне екі жыл беріледі. Бұл қосымша жылда студенттер ай сайын алып жүрген шәкіртақысының 50 пайызын алады. 

Өтінім беру мерзімі

Түркия шәкіртақысы иегерін анықтау екі кезеңнен тұрады:

  • Біріншісі – онлайн өтінім беру кезеңі;
  • Екіншісі – сұхбаттасудан өту. 

Бакалвриат, магистратура, доктрантура бойынша өтінімдер жыл сайын 10 қаңтар – 20 ақпан аралығында қабылданады. Наурыз – мамыр айларында бірінші кезеңнің нәтижесі шығады. Екінші кезең маусым – шілде айларында өтеді. Шәкіртақы иегерлері тамыз айының басында анықталады. 

Өтінімдер үміткердің академиялық жетістіктеріне, оқудан тыс іс-шараларға белсенді қатысуына және басқа да кәсіби біліктіліктеріне сәйкес бағаланады.

Барлық кезеңнің нәтижесі талапкердің электронды поштасына және Түркия стипендиялары ақпарат жүйесіндегі жеке кабинетіне жіберіледі, сондай-ақ стипендияны қабылдау процесі туралы толық ақпарат беріледі. Үміткерлер Түркияға келгенге дейін стипендия келісімшартын рәсімдеуі тиіс. Нақтырақ айтқанда, тамыз айында виза құжаттарын реттеп, қыркүйек айының ішінде Түркияға аттанады. 

Ғалымдар әр тоқсанға байланысты қыркүйек – қазан, қазан – желтоқсан, сәуір – маусым және шілде – қыркүйек айларында өтінім бере алады. 

Өтінім беруге қажет құжаттар тізімі:

Талапкер Түркия стипендиясына өтінім беру жүйесіне (TBBS) тіркеліп, жүйеге келесі құжаттарды жүктеп салуы керек:

  • жеке куәлік немесе төлқұжат;
  • соңғы бір жыл ішінде түсірілген суреті;
  • ҰБТ нәтижелері (бар болса);
  • диплом немесе уақытша бітіру туралы куәлік (Оқу орнының соңғы жылында оқып жүрген үміткерлерден талап етілмейді);
  • транскрипт;
  • таңдалған бағдарлама талап еткен жағдайда халықаралық емтихан нәтижелері (GRE, GMAT және т.б.);
  • шет тілін меңгеру деңгейін анықтауға арналған емтихан нәтижелері (таңдалған бағдарлама тарапынан талап етілген жағдайда);
  • зерттеу тақырыбының ұсынысы және жұмысыңыздың жазбаша үлгісі (тек PhD бағдарламалары үшін);
  • Мотивациялық хат;
  • Ұсыныс хат;
  • Талапкердің білім-білігін көрсететін сертификаттары мен ғылыми жетістіктері (бар болса);
Серіктестер жаңалықтары