Ақшаны қалай тиімді жинау керектігін Fingramota.kz түсіндіріп берді.
Білім беру салымы
Мемлекеттік білім беру жинақтау жүйесі – азаматтарға болашақта Қазақстанда техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі, жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі (магистратура) білім беру бағдарламалары бойынша оқуға ақы төлеуге арналған Aqyl білім беру депозитін ашуға мүмкіндік береді.
Жинақтау жүйесі – ең қызықты компонент. Мұнда көп нәрсе жинақтау мерзіміне де, мемлекеттік көмекке де, адамның өзіне де, оның жинақтарын көбейтуге деген дайындығына да байланысты. Білім беру депозитінің артықшылығы – кез келген уақытта және кез келген мөлшерде ерікті жарналар салуға болады.
Білім беру депозиті оған тек банктік пайыздар ғана емес, сонымен қатар банктің сыйақысын ескере отырып, салымның барлық сомасына мемлекеттен 5% мөлшерінде сыйлықақы қосылатынымен ерекше. Көп балалы және аз қамтылған отбасылардан шыққан, жетім, ата-анасының қамқорлығынсыз қалған, мүгедек балалар үшін мемлекет сыйлықақысы 7%-ды құрайды.
Оқи отырыңыз: Қызылордада биыл оқу бітірген 400 түлектің дипломы жұмысқа тұруға жарамсыз
Артықшылықтары қандай?
Білім беру салымы жеке тұлғалардың депозиттеріне міндетті кепілдік беруге жатады. Бұл егер сіз осындай депозитті ашқан банк лицензиясынан айырылса, онда ақша сізге міндетті түрде өтелетін болады, өйткені оларға Қазақстанның депозиттерге кепілдік беру қоры кепілдік береді. Бұл ретте төлемнің ең жоғары сомасы 10 млн теңгені құрайды.
Білім беру депозиті арнайы шот болып табылады және ол үшінші тұлғалардың кез келген өндіріп алуларынан қорғалған. Оған тыйым салынбайды және ол бұғатталмайды.
Aqyl депозитін сіз өз атыңызға да, баланың атына да аша аласыз. Ыңғайлысы, салымшы тек оқуға түскісі келетін және білім алып жатқан адам бола алады. Ең бастысы – қаражатты тек бакалавриат және магистратура бойынша оқу үшін пайдалану. Ал егер сіз немесе сіздің балаңыз грантқа оқуға түссе, онда жинақталған барлық соманы, оның ішінде банк сыйақысын және мемлекет сыйлықақысын ала аласыз, не болмаса қаражатты магистратураға төлеуге жұмсай аласыз немесе оны үшінші тұлғаның пайдасына аудара аласыз.
Оқи отырыңыз: ҰБТ-ға тегін дайындық сабақтары. Қашан және қалай қатысуға болады?
Ақшаны мерзімінен бұрын алуға бола ма?
Иә, мұны банктің сыйақысын сақтай отырып жасауға болады, бірақ бұл кезде мемлекет сыйлықақысы жоғалады, ол бюджетке қайтарылады.
МБЖЖ қатысушы банктердегі білім беру депозиті бойынша талаптар:
- жылдық тиімді сыйақы мөлшерлемесі (ЖТСМ) – 10%-ға дейін;
- мемлекет сыйлықақысы – 5 немесе 7% (7% – жетім балалар, ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалар, мүгедек, көп балалы отбасылардан және аз қамтылған отбасылардан шыққан балалар үшін; 5% – Қазақстан Республикасы халқының қалған санаттары үшін).
- мемлекет сыйлықақысы банктің сыйақысын ескере отырып, жыл сайын салымның барлық сомасына есептеледі.
Оқи отырыңыз: Магистратура мен докторантураға түсу бойынша 8 маңызды сұраққа жауап
Депозит ашу үшін не қажет?
Бүгінгі таңда білім беру депозитін бүкіл ел бойынша бағдарламаға қатысушы 4 банктің: Халық Банкі, Нұрбанк, ВТБ Банк, Жусан Банктің кез келген филиалында ашуға болады.
Салым ашу үшін тек екі құжат қажет: сіздің жеке куәлігіңіз және баланың туу туралы куәлігі. Депозитті мысалы, мобильді банкинг арқылы қашықтықтан толтыруға болады.
Есте сақтаңыз:
- білім беру салымдары тек қана МББЖЖ-ға қатысушы банктерде ғана ашылады;
- депозит теңгемен ашылады;
- олар бойынша табыстылық стандартты банк салымдарымен салыстырғанда жоғарылау.