Астанада Жеңіс күні мен Отан қорғаушылар күніне орай 50-ден астам түрлі іс-шара жоспарланып отыр. Мереке күндері концерттер, қойылымдар, көрмелер, спорттық турнирлер ұйымдастырылfls. Бұл туралы қала әкімдігінің ресми сайты хабарлады.
Астана
6–9 мамыр аралығында елорданың барлық ауданында мерекенің басты рәміздерінің бірі – естелік төсбелгілер мен Жеңіс ленталарын тарату акциясы өтеді.
7 мамырда "Бәйтерек" монументінің жанында "Отаным – аманатым" мерекелік концерті сағат 18:00-ден 22:00-ге дейін және Nomad City Hall ғимаратының жанында "Жеңіс жолы" сағат 12:00-де өтеді.
Сағат 15:00-де және 19:00-де Музыкалық жас көрермен театры "Гауһартас" музыкалық драмасына шақырады.
8 мамырда екінші дүниежүзілік соғыс ардагерлері мен тыл еңбеккерлері үшін қала аулаларында дәстүрлі жылжымалы концерт ұйымдастырылады. Сағат 18:00-де Qazaqstan ОКЗ сахнасында Еркеш Шакеевтің Eastwest in Astana мерейтойлық авторлық концерті басталады.
9 мамырда "Отан Ана", Бауыржан Момышұлы, Рақымжан Қошқарбаев, Мәншүк Мәметова, Талғат Бигелдинов, Әлия Молдағұлова, Иван Панфилов ескерткіштеріне, Екінші дүниежүзілік соғыста қаза тапқан жауынгерлерге арналған монументалды кешенге гүл шоқтарын қою рәсімі өтеді.
14:00-ден 17:00-ге дейін Есіл жағалауындағы амфитеатрда "Отанға қызмет – ұлы құрмет" концерттік бағдарламасы ұйымдастырылады.
9 мамырда спортсүйер әуесқойлар Триатлон паркіндегі жеңіл атлетика эстафетасына қатыса алады.
Алматыда да мерекелерге орай бірнеше концерттермен қатар, әскери қызметшілерді марапаттау рәсімі де өтеді.
7 мамырда сағат 11:00-де Отан қорғаушы күнін мерекелеу аясында 28 гвардияшы-панфиловшылар атындағы саябақта мерекелік концерт пен әскери қызметшілерді марапаттау рәсімі өтеді. Концертке әскери қызметшілер, әскери үрмелі оркестр, сондай-ақ сахнада Бағлан Әбдірайымов, Толқын Забирова, "IL Canto" квартеті, Жәмила Серкебаева өнер көрсетеді.
5-8 мамыр аралығында ардагерлер тұратын қаланың тұрғын үй кварталдарында, шағын аудандарында әскери оркестрдің қатысуымен концерттер өтеді.
9 мамырда сағат 9.30-да 28 гвардияшыл-панфиловшылар атындағы саябақта Мәңгілік алауға гүл шоғын қою рәсімі өтеді. Онда заманауи қазақстандық әскери техника мен қару-жарақ көрмесі ұйымдастырылады. Ұлы Отан соғысының ардагерлері мен тыл еңбеккерлеріне әскери-далалық асханамен мерекелік түскі ас беру жоспарланған. Саябақта мерекелік концерт өтеді.
Сондай-ақ, "Батырларға тағзым" акциясы ұйымдастырылып, оның аясында қала тұрғындары Максим Горький атындағы Орталық мәдениет және демалыс саябағынан Гоголь көшесі бойымен 28 гвардияшыл-панфиловшылар паркіне дейін жүріп өтіп, соғыста қаза тапқандарды еске алу үшін гүл шоғын қоятын болады.
Жеңіс күніне орай, 28 гвардияшыл-панфиловшылар саябағында ардагерлер және қала белсенділерінің қатысуымен гүл шоқтарын қою рәсімі және әскери қызметшілердің салтанатты шеруі өтеді. Қазақстан эстрада жұлдыздарының, Алматы қаласы әкімі эстрадалық-симфониялық оркестрінің мерекелік концерті ұйымдастырылады.
Сонымен қатар, 6-9 мамырда мерекелік іс-шаралар қаланың барлық ауданында өтеді.