Тікелей эфир

Биыл Жеңіс күніне арналған әскери парад ұйымдастырылмайды

Жыл сайынғы елдегі ардагерлерді құрметтеуге арналған шаралар өтеді.

Биыл елордада Жеңіс күніне орай әскери парад ұйымдастырылмайды, деп мәлімдеді ҚР қорғаныс министрлігінің баспасөз қызметі. 

"2022 жылы Қазақстан Республикасы қарулы күштерінің құрылғанына 30 жыл толуына және 1941-1945 жылдардағы Ұлы Отан соғысындағы Жеңіс күніне арналған әскери парадты өткізу жоспарда жоқ", - делінген хабарламада.

Ұлы Отан соғысы мен ҚР қарулы күштерінің ардагерлерін құрметтеуге арналған ісшаралар әдеттегі тәртіп бойынша өтеді. 

"Қазақстанның барлық өңірінде 50-ге жуық шара өткізуді жоспарлап отырмыз", – деді министрліктегілер. 


Оқи отырыңыз:


 

Бұл мақала сізге пайдалы болды ма?
0

  Егер мәтінде қате болса, оны белгілеп, Ctrl+Enter батырмасын басыңыз

  Егер мәтіндегі қатені смартфонда көрсеңіз, оны белгілеп, «Қатені хабарлау» батырмасын басыңыз

Серіктестер жаңалықтары