Тікелей эфир

Ең үлкені – 103 жаста. Астанада 10 ардагер жеңіс күніне орай 1,5 млн теңгеден алады

Ұлы Отан соғысының ардагерлеріне теңестірілген 436 адам 120 750 теңгеден алады.

Астанада қазір 10 ардагер бар, жеңіс күніне орай әрқайсысына 1,5 миллион теңгеден беріледі, деп хабарлайды қала әкімдігінің ресми сайты

Елордада тұратын 10 Ұлы Отан соғысының ардагерінің ең үлкені – 103 жаста, ең кішісі – 97 жаста. Биыл Жеңіс күніне орай олардың әрқайсысына 1,5 миллион теңге төлеу туралы шешім қабылданды.

"ЧАЭС қатысушылары мен мүгедектерінен бөлек, жеңілдіктер бойынша Ұлы Отан соғысының ардагерлеріне теңестірілген 436 адам 120 750 теңгеден алады. Олардың қатарында ҰОС кезеңінде қызмет еткен 13 әскери қызметші, фашистік Германияға қарсы іс-қимылдарға қатысқан азаматтар, Ленинградта блокада кезеңінде еңбек еткен азаматтар, концлагерьлердің кәмелетке толмаған тұтқындары, мүгедек болған әскери қызметшілер бар. Өзге мемлекеттердің аумағындағы болған әскери іс-қимылдардың ардагерлеріне (Ауғанстандағы әскери іс-қимылдан басқа) – тәжік-ауған учаскесінде, Ирактағы халықаралық бітімгершілік операциясында, Таулы Қарабақта этносаралық қақтығысты реттеуге қатысқан міндеттерді орындаған әскери қызметшілерге 35 АЕК (120 750 теңге) мөлшерінде төлемдер қарастырылған. Елордада 899 адам бар", – делінген хабарламада. 


Оқи отырыңыз: Астанада тұратын ҰОС ардагерлері 2023 жылы 1 млн теңгеден астам әлеуметтік көмек алады


Тыл еңбеккерлері, қаза тапқан әскери қызметшілердің отбасылары, қайтыс болған ардагер мүгедектерінің жұбайлары 9 мамырға дейін 11 АЕК (37 950 теңге) мөлшерінде төлем алады. Айта кетейік, ардагерлерге тиісті төлемдер 27 сәуірден бастап беріле бастайды.

Сонымен қатар жергілікті бюджет қаражатынан ардагерлерге мынадай қызметтер тегін көрсетіледі:

  • коммуналдық қызметтер үшін ақшалай өтемақы, ол ай сайын пәтердің ауданына байланысты 5-тен 8 АЕК-ке дейінгі мөлшерде бөлінеді;
  • дәрі-дәрмекпен қамтамасыз ету;
  • мерзімді басылымдарға жазылуға, моншаларға, шаштараздарға жылына бір рет баруға (жыл басында жеке шоттарына 6,5 АЕК аударылады) әлеуметтік көмек түрінде ақша беріледі;
  • санаториялық-курорттық емдеу қызметтері;
  • қалалық жолаушылар көлігінде жеңілдікпен жол жүру;
  • тіс протездеу қызметтері.

Оқи отырыңыз: Қазақстанда әскерге шақыру жасы 30 жасқа дейін арта ма? Министрлік жауабы


 

Бұл мақала сізге пайдалы болды ма?
0

  Егер мәтінде қате болса, оны белгілеп, Ctrl+Enter батырмасын басыңыз

  Егер мәтіндегі қатені смартфонда көрсеңіз, оны белгілеп, «Қатені хабарлау» батырмасын басыңыз

Серіктестер жаңалықтары