Елімізде төрт баланы дүниеге әкелген көпбалалы аналарға ерте зейнеткерлікке шығу құқығы берілмейді. Бұл туралы премьер-министрдің орынбасары Алтай Көлгінов депутаттар сауалына берген жауабында айтты.
"Бес және одан да көп бала туған (асырап алған) және оларды сегіз жасқа дейін тәрбиелеген әйелдерге зейнетақы 53 жаста тағайындалады. Ал жинақтаушы және базалық зейнетақы алу құқығы 61 жаста беріледі. Ал төрт баланы дүниеге әкелген көпбалалы аналарға ерте зейнеткерлікке шығу құқығы берілмейді" – деді вице-министр.
Оқи отырыңыз: Бала күтімімен отырған ата-ана үшін зейнетақы жарнасы бюджет есебінен төленеді
Вице-премьер қазіргі уақытта зейнетақылар үш деңгейдегі еңбек өтіліне байланысты екенін айтып өтті.
"Әйелдердің зейнет жасы – 61 жас. 1998 жылдан бастап жинақтаушы зейнетақы жүйесіне көшуге байланысты зейнеткерлікке ерте шығу бойынша жеңілдіктер жойылды. Әлеуметтік кодекс шеңберінде бес және одан да көп бала туып (асырап алған) және оларды сегіз жасқа дейін тәрбиелеген, сонымен қатар 1998 жылғы 1 қаңтарға дейін еңбек өтілі бар әйелдердің мерзімінен бұрын 53 жаста зейнетке шығуына болады" – деді Алтай Көлгінов.