Тікелей эфир

БЖЗҚ зейнет жинағы есебінен ай сайынғы зейнетақы мөлшері қалай есептелетінін түсіндірді

Ай сайынғы зейнетақы төлемінің мөлшері есептелген зейнетақы төлемдерінің жылдық сомасының он екіден бір бөлігі ретінде айқындалады.

Ашық диалог порталында Әбілқадыр Әбдіразақов есімді азамат БЖЗҚ басқарма төрағасы Жанат Құрмановтың атына сауал жолдап, зейнетақы жинағы есебінен ай сайын аударылатын қаражат мөлшерін арттыруды сұрады. "Маған ай сайын қордан 33 740 теңге түсіп отыр. Қазіргі уақытта менің жинақ қорымда біраз қаржы жинақталған. Қордан түсетін соманың көлемін 100 мың теңгеге дейін көтеруге болмай ма?" делінген сауалда.

Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорының өкілінің жауабынша, бұл процесс ҚР заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады және қор өз шешімімен салымшыларға зейнетақы жинақтарын бере алмайды.


Оқи отырыңыз: 


Қор өкілінің түсіндіруінше, ай сайынғы зейнетақы төлемінің мөлшері есептелген зейнетақы төлемдерінің жылдық сомасының он екіден бір бөлігі ретінде айқындалады. 2021 жылғы 1 сәуірден бастап зейнетақы төлемдерін жүзеге асырудың бірінші жылындағы зейнетақы төлемдерінің жылдық сомасы зейнетақы жинақтары сомасының зейнетақы жинақтары төлемдерінің мөлшерлемесіне көбейтіндісі ретінде есептеледі – 6,5 % (зейнетақы жинақтарының сомасы * 6,5% / 12 = бірінші жылдағы ай сайынғы төлемнің мөлшері).

Одан кейінгі жылдары ай сайынғы зейнетақы төлемінің мөлшері өткен жылғы ай сайынғы зейнетақы төлемінің мөлшерін зейнетақы төлемдерін индекстеу мөлшерлемесіне жыл сайын арттыру жолымен қайта есептелетін болады – 5%.

Серіктестер жаңалықтары