Тікелей эфир

2023 жылы зейнетақы жинағынан кім және қанша ақша шеше алады?

Биыл зейнетақы жинақтарының ең төмен жеткіліктілік шегі өсті.

2023 жылы Қазақстандағы ең төменгі жалақы мөлшері 60 мың теңгеден 70 мың теңгеге дейін артты. Бұл зейнетақы жинақтарының биылға белгіленген ең төмен жеткіліктілік шегіне, яғни зейнетақы шотында қалуы тиіс сомаға да әсер етті. 

Зейнетақы жинақтарының ең төмен жеткіліктілік шегі:


Оқи отырыңыз: 2023 жылы әйелдер қалай 2 миллион теңгеге жуық ақша ала алады? Декреттік төлем мен оның тәртібі


Ең төменгі жеткіліктілік шегі неге бұлай бекітілгенен ұлттық банк төрағасы Ғалымжан Пірматов мәжіліс депутаттарына берген жауабында түсіндірді.

"Ең төменгі жеткіліктілік шегінің негізгі міндеті еңбекке қабілетсіз жастағы азаматтардың тыныс-тіршілігі үшін зейнетақы жинақтарының ең төменгі қажетті деңгейін қамтамасыз ету және Халықаралық еңбек ұйымының ұсыныстарын ескере отырып, олардың ең төменгі қажеттіліктерін қанағаттандыру болып табылады. Осыған байланысты зейнетақы жүйесі азаматтардың зейнетақы жинақтарының көлемін ең төменгі жеткіліктілік шегінен кем емес мөлшерде жинақтауды қамтамасыз етуі тиіс", – деді Ғалымжан Пірматов.

Серіктестер жаңалықтары