Тікелей эфир

Бала күтімімен отырған ата-ана үшін зейнетақы жарнасы бюджет есебінен төленеді

Төлемдер 2023 жылғы 1 шілдеден бастап жасалады деп жоспарланған.

Ашық НҚА порталында "Бала бір жарым жасқа толғанға дейін оның күтіміне байланысты кірісінен айрылған жағдайда төленетін әлеуметтiк төлемдерді алушыларға міндетті зейнетақы жарналарын субсидиялау қағидаларының" жобасы жарияланды.

Оған сәйкес, ата-ана бала күтімі үшін табысынан айырылған жағдайда олар үшін міндетті зейнетақы жарнасы мемлекет есебінен төленеді. Ереже бекітілген жағдайда субсидия 2023 жылғы 1 шілдеден бастап беріледі.


Оқи отырыңыз: Бала күтіміне төленетін жәрдемақыны қалай есептеуге болады?


Ереже жобасына сәйкес, міндетті зейнетақы жарналарының ай сайынғы бюджеттік субсидиясының мөлшері орташа айлық табыс мөлшерінен есептелген міндетті зейнетақы жарналарының сомасы мен бала бір жасқа толғанға дейін төленетін әлеуметтiк төлемнен ұсталатын міндетті зейнетақы жарналарының сомасын азайту арқылы есептеледі.

Міндетті зейнетақы жарналары бала дүниеге келген күннен бастап төленеді.


Оқи отырыңыз: 


Құжат жобасы 7 сәуірге дейін қоғам талқысына ұсынылған.

Серіктестер жаңалықтары