Тікелей эфир

Шымкентте жаңа ипотека: 10 пайыз бастапқы жарнамен 20 млн теңге несие беріледі

Бағдарлама қалада жұмыс істейтін барлық тұрғындарға қолжетімді болады.

Шымкент қаласының әкімдігі мен Отбасы банкі бастапқы жарнасы 10 пайыз болатын тұрғын үй бағдарламасын іске қосады, деп хабарлады банктің баспасөз қызметі.

Qamqor бағдарламасы шымкенттік мамандардың баспана мәселесін шешуге көмектеседі. Оған дәрігерлер, медбикелер, санитарлар, мұғалімдер, тәрбиешілер, жоғары оқу орындары мен колледждердің оқытушылары, ғылыми-зерттеу институттарының ғылыми қызметкерлері, мәдениет, спорт қызметкерлері, журналистер, қалалық мемлекеттік ұйымдары мен Халыққа қызмет көрсету орталықтарының қызметкерлері, энергетика саласының өкілдері қатыса алады.

"Qamqor бағдарламасы Шымкентте жұмыс істейтін барлық тұрғындарға қолжетімді болады. Заемның ең жоғары сомасы 20 млн теңгеге тең. Несие бойынша пайыздық мөлшерлеме – 5 пайыз, одан әрі ол жылдық 3,8 пайызға дейін төмендейді. Ипотека мөлшерлемесін біртіндеп төмендету тұрғын үй құрылыс жинақ жүйесінің арқасында мүмкін болып отыр. Алғашқы 8 жылда несие бойынша ай сайынғы төлем мөлшері 155 мың теңге болса, кейін ол 87 мың теңгеге дейін түседі. Мұндай мүмкіндік несие төлемін отбасы үшін қолжетімді етеді", – деп түсіндірді "Отбасы банк" АҚ басқарма төрайымы Ләззат Ибрагимова.


Оқи отырыңыз: Ләззат Ибрагимова 2023 жылы жаңа үйлердің арзандайтынын айтты


Өтініштер "Баспана маркет" порталында қабылданады. 

Жеңілдетілген несиелендіруге үміткерлер пулына көп ұпай жинаған азаматтар енеді. Ұпайларды санағанда некеде тұрған жылдар саны, балалардың саны, жұмыс өтілі, Шымкентте тіркелу ұзақтығы және Отбасы банкінде үміткердің депозиті бар-жоғы ескеріледі. 

Қатысушылар пулы жасақталғаннан кейін үміткерлер Отбасы банкіне несие рәсімдеуше жолдама алады. Олардың төлем қабілеттілігі тексеріліп, несие береді. Бұл қаражатқа алғашқы немесе екінші нарықтан баспана сатып алуға болады.

  • Қатысушының жасы өтініш берген кездегі кезеңді қоса алғанда 63 жастан аспауы керек.
  • Үміткердің және оның отбасы мүшелерiнiң соңғы 5 жылда ҚР аумағында меншiк құқығындағы тұрғын үйi болмауы қажет;
  • Соңғы 3 жылда Шымкент қаласында тұрақты тіркеуде тұруы шарт;
  • Шымкент қаласында таңдаған сала бойынша соңғы 12 айдан кем емес ресми жұмыс өтілі болуы тиіс;
  • Бағдарламаға ерлі-зайыптылардың біреуі ғана қатыса алады.

Айта кетейік, Шымкент қаласының әкімдігі бағдарламаны қаржыландыру үшін бірінші траншқа 3 млрд теңге бөледі.

Серіктестер жаңалықтары