Тікелей эфир

Сенатор: 70 мыңға жуық жетім бала заңды баспанасын ала алмай отыр

2022 жыл басынан бері бұл санаттағы 287 адам ғана тұрғын үй алған.

Сенат депутаты Амангелді Толамисов Үкімет басшысының атына депутаттық сауал жолдап, Қазақстандағы жетім балаларды тұрғын үймен қамтамасыз ету мәселелерін көтерді. Оның айтуынша, бүгінгі таңда бұл санатта тұрғын үй алу кезегінде 60 845 азамат тұр. 2021 жылы 1 211 адам тұрғын үй алса, ал 2022 жылдың бірінші жартыжылдығында бұл санаттағы 287 адам ғана үйлі болған.

"Жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларды тәрбиеленіп жатқан мекемелердің орналасқан мекен-жайы бойынша емес, оларды келген жерлері бойынша тұрақты тұрғылықты тіркеуге қойып, сол өңірлерде тұрғын үй кезегіне қою керек. Бұл өз кезегінде олардың жылдамырақ баспанаға қол жеткізулеріне мүмкіндік береді", – деді сенатор.

Депутаттың айтуынша, мемлекеттік органдар "Отбасы банкі" АҚ-мен бірлесіп, балалар үйінің тәрбиеленушілері мен "жетім балалар" санатындағы кезекте тұрған жастарға жеңілдетілген тұрғын үй ипотекалық бағдарламаларын және сатып алу мүмкіндігінсіз мемлекеттік жалдамалы пәтерлерді жалға беру бағдарламаларын қарастыруы тиіс.


Оқи отырыңыз: 


 

Серіктестер жаңалықтары