
Жамбыл облысында ыдыс-аяқ алуға тапсырыс берген тұрғындар тақырға отырды. Қытайдың арзан тауарын аламыз деп жер сипап қалған жұртта есеп жоқ. Алайда арыз қаралмады, күдікті қамалмады деген көп ашулы. Айтуларынша, айналымында миллиардттаған қаржы бар алаяқтық істе құзырлы органдар да ауыз жаласқан, деп хабарлайды "Информбюро" ақпараттық бағдарламасы.
Тауарға миллиондап теңге аударғандар, тек суретін ғана сатып алыпты.
"Артымызда 200 миллион ақша бар-ау. Нағыз алаяқтық. Бірақ босатып жатыр бұларды. Менде 34 миллиондай ақша болған. Ішінен 2-3 миллион деп айтайын зат алдым қолыма. Клиентеріме тапсырдым. Болды қалған 31 миллионның тауары жоқ", – деді жәбірленуші Зарина Туранова.
Оқи отырыңыз: "Қол көтеріп, жылағанды дәретханаға қамаған". БҚО-да балабақша тәрбиешісі мен көмекшісі жұмыстан қуылды
Көтерме саудамен айналысатындар да қарапайым кісілерде арзан бағамен Қытайдан келетін ыдыс-аяқ алып бермек болған. Тікелей тауар әкелудің көзін таптым деп көпті тартқан топтың басында ерлі-зайыпты екі адам тұр, дейді. Осылайша әлі ашылмаған көрші елдегі зауыттан тікелей тауар жеткіземіз дегеннің ертегі екенін ел кеш білдік дейді. Бұл уақытта ватцап желісінде сан мың топ ашылып, мыңдаған клиент миллиондаған теңгесін санап берген. Ал полиция департаменті айналымдағы ақшамен арыз санын санап бітпей жатыр.
"Арызданушылардың келуіне байланысты келтірген шығын әлі де өсіп жатыр. Қазіргі уақытта арызданушылар облыстың әр аумағынан келіп жатыр. Күдікті тұлға қазір қамаққа алынды. Әзірге бір адам, ары қарай күдіктілер бар", – деді Жамбыл облысы полиция департаменті тергеу басқармасының бастығы Сейітжан Үсенбаев.
Қылмыстық іс қозғап, күдіктіні қамадық деген тергеу тобы әлі біраз терлейтін түрі бар. Өйткені бұл алаяқтық сауда-саттықтың жүйесін әу баста-ақ арнайы топ құруы мүмкін.
Оқи отырыңыз: СҚО-да 180 миллионға тұрғызылған фельдшерлік пункт бір айға жетпей қирады