Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев "Россия 24" телеарнасына берген сұхбатында Қазақстандағы орыс тілінің жағдайы туралы сауалға жауап берді.
Президенттің ойынша, Қазақстанда орыс тілінің позициясы әлсіреген жоқ.
"Мен бұған сенімдімін. Орыс тілінде сабақ беретін мектептер санына келсек, олар бұрынғы мөлшерінде қалды. Екінші жағынан, қазақ тілінде білім алуға сұраныстың артып келе жатқаны бар. Мұны да ескеру керек. Түптеп келгенде, біздің мемлекетіміздің "Қазақстан" атауының түбірі де "қазақ", сондықтан біз қазақ тілін үйренгісі келетін, балаларын қазақша балабақша мен мектепке бергісі келетін азаматтардың мүддесін ескеруіміз қажет. Меніңше, бұл жерде бәрі айқын. Бізде қазақтарға орыс тілінсіз қиын болатыны туралы айқын түсінік бар. Географиялық тұрғыда. Біздің (Ресеймен) шекарамыз әлемдегі ең ұзын шекара. Біз "құдай қосқан көршіміз" және қазақтар өз тілін біле отырып, орыс тілін де жақсы меңгеруі қажет", – деп атап өтті Қасым-Жомарт Тоқаев.
Оқи отырыңыз:
- Тоқаев: Қазақстан олигополиямен түбегейлі қоштасуы керек
- Тоқаев: Конституциялық түзетулер мемлекеттігіміздің тұғырнамасын түбегейлі өзгертеді
- Президент: Мемлекеттік қызмет – жеке бастың бақ-дәулетін арттыратын жер емес