Тікелей эфир

Тоқаев: Конституциялық түзетулер мемлекеттігіміздің тұғырнамасын түбегейлі өзгертеді

Мемлекет басшысы референдум бүкіл қоғамның дамуына тың серпін беретініне тоқталды.

Қасым-Жомарт Тоқаев 5 маусым күні өткен референдумның қорытындысы бойынша Қазақстан халқына үндеу жасады. 

"Мемлекетіміз дамудың жаңа кезеңіне қадам басты. Ата заңымызға ұсынылған өзгерістерді азаматтардың басым көпшілігі қолдады. Референдум жоғары деңгейде өтті. Мұны халықаралық және отандық байқаушылар да айтып жатыр. Конституциялық реформалар қоғамда қызу талқыланды. Дауыс беру барысы демократия талаптарына сай өтті. Ешқандай мәжбүрлік болған жоқ. Референдум нәтижесі саяси жаңғырудың анық символына айналды", – деді мемлекет басшысы.

Ол сонымен бірге референдум бүкіл қоғамның дамуына тың серпін беретініне тоқталды. 

"Азаматтарымыз зор жауапкершілік танытты және отансүйгіштік қасиетін паш етті. Біз Жаңа, Әділетті Қазақстанды құру жолындағы бірлігіміз бекем екенін көрсеттік. Конституциялық түзетулер мемлекеттігіміздің тұғырнамасын түбегейлі өзгертеді. Бүкіл қоғамның дамуына тың серпін береді", – деді Қасым-Жомарт Тоқаев.


Оқи отырыңыз: Экзит пол нәтижесі: Референдумға дауыс беру құқығына ие қазақстандықтардың 70,1 пайызы қатысты


 

Серіктестер жаңалықтары