Тікелей эфир

Өрт сөндірушілердің жалақысы қанша?

Жаңа жылдан бастап өрт сөндірушілердің еңбекақысы тағы 40 пайызға көтерілуі мүмкін.

Төтенше жағдай министрі Юрий Ильин үкімет куларында өрт сөндірушілердің жалақысы өскенін мәлімдеді.

"2019 жылы жалақымызды – 65 пайызға, содан кейін – 10 пайызға, биыл 3 пайызға көтердік. Көп сияқты көрінуі мүмкін. Бірақ 2019 жылы өрт сөндірушілердің жалақысы 65 мың теңге болса, бүгінгі күні еңбек өтілі жоқ, үстемеақы қосылмаған, таза жалақы 109 мың теңгені құрайды", – деді Юрий Ильин.

Министр мүмкіндігінше жаңа жылдан бастап өрт сөндірушілердің еңбекақысын тағы 40 пайызға көтеру мәселесі пысықталып жатқанын айтты.


Оқи отырыңыз:


 

 

Серіктестер жаңалықтары