Тікелей эфир

"Ерлердің жағдайы жақсырақ": Қазақстанда жоқшылық деңгейі қандай?

Жалпы алғанда 100 қазақстандықтың 11-інде жеткілікті аяқ киімі жоқ.

Әйелдер ерлерге қарағанда қаражаттың жетіспеушілігінен жоқшылық көреді, деп хабарлады Ranking.kz. Әсіресе, ескі жиһазды алмастыра алмайтындар арасында ең үлкен алшақтық байқалады. Ерлерде бұл көрсеткіш 17,9 пайызды құраса, әйелдердің 22 пайызында мұндай мүмкіндік жоқ.

  • Әйелдердің 12,3 пайызының және ерлердің 10 пайызының қолайлы қысқы және жазғы екі аяқ киім алуға;
  • Әйелдердің 8,7 пайызының және ерлердің 6,7 пайызының ыстық тағамдармен тамақтануға;
  • Әйелдердің 6,9 пайызының және ерлердің 5,4 пайызының айына кемінде бір рет достарымен немесе отбасымен бірге түскі ас ішу үшін кездесуге;
  • Әйелдердің 5,7 пайызының және ерлердің 5,4 пайызының тозған аяқ киім мен киімді жаңасына ауыстыруға мүмкіндігі жоқ.

Жалпы алғанда 100 қазақстандықтың 11-інде жеткілікті аяқ киімі жоқ, ал 100-дің 6-ында тозған және ескі киім мен аяқ киімді уақтылы ауыстыруға мүмкіндігі жоқ,


Оқи отырыңыз: 51 мың отбасы кедейлік жағдайынан шықты


Ұлттық статистика бюросының жыл сайынғы зерттеуіне қатысқан респонденттердің арасында қаражаттың жетіспеуінен ескі жиһазды ауыстыруға мүмкіндігі болмағандардың үлесі 2021 жылғы 27,4 пайыздан 2022 жылы 20,3 пайызға дейін қысқарды.

Сонымен қатар қаржылық проблемаларға байланысты қолайлы қысқы және жазғы екі аяқ киім алуға, сондай-ақ айына кемінде бір рет достарымен немесе туыстарымен үстел басында бірге уақыт өткізуге мүмкіндігі жоқ қазақстандықтардың үлесі азайды.

Сонымен қатар, қаржылық жағдайларға байланысты екі күн сайын балық, ет немесе тауық етімен ыстық тамақ немесе балама вегетариандық тамақ жеуге мүмкіндігі жоқ респонденттердің үлесі 7 пайыздан 7,9 пайызға дейін өсті. Тозған аяқ киім мен киімді жаңасына ауыстыруға мүмкіндігі жоқ адамдардың үлесі 5 пайыздан 5,2 пайызға дейін өсті.


Оқи отырыңыз: Әлеуметтанушы: Баланың тууы мен күтіміне берілетін көмек артпай, кедейлік азаймайды


Ресми мәлімет бойынша, қаражаттың жетіспеушілігінен жоқшылыққа ұшыраған халықтың үлесі қалада көбірек.

Мәселен, қала тұрғындарының 20,9 пайызы, ауыл тұрғындарының 19,4 пайызы қажеттілігіне қарай тозған жиһазды алмастыра алмайды. Ауыл тұрғындарының 4,7 пайызы, қалалықтардың 5,6 пайызы тозған аяқ киім мен киімді жаңасына ауыстыра алмайды. Сонымен қатар, қала тұрғындарының 6,8 пайызында және ауыл тұрғындарының 5,2 пайызында айына кемінде бір рет достарымен немесе отбасымен үстел басында кездесу мүмкіндігі жоқ.

Бұл ретте екі күн сайын ыстық тағаммен тамақтануға мүмкіндігі жоқ қала тұрғындарының үлесі осындай жоқшылыққа тап болған ауыл тұрғындарына қарағанда аз. Қалада ондай адамдардың үлесі 7,6 пайызды құраса, ауылда – 8,4 пайыз.

Сонымен қатар, қазақстандықтардың 6,1 пайызының үйде жылуды жеткілікті деңгейде ұстап, жылуға төлеуге мүмкіндігі жоқ.

Серіктестер жаңалықтары