DIAFA – Таяу шығыс аймағындағы беделді халықаралық сыйлық.
Қазақстандық әнші Димаш Құдайберген Біріккен Араб әмірліктерінің Дубай қаласында халықаралық DIAFA сыйлығымен марапатталды. Бұл туралы әнші Instagram желісінде хабарлады.
Distinctive International Arab Festivals Awards (DIAFA) – жыл сайын Дубайда өтетін Таяу шығыс аймағындағы беделді халықаралық сыйлық. Ол әлемдік деңгейдегі көрнекті тұлғалар, ұйымдар мен компаниялардың жетістіктері мен қоғам өмірін жақсартуға қосқан үлесі үшін беріледі.