2022 жылдың қаңтар-мамыр айларында елде дәнді дақылдардан 44,8 мың тонна жарма мен ірі тартылған ұн өндірілді. Бұл өткен жылға қарағанда 7,4% артық, деп хабарлайды energyprom.kz сайты.
Өңірлер бойынша жарма өндіруден көшбасшылар:
- Павлодар облысы – 29,8%, 13,3 мың тонна. Бір жылда көрсеткіш 12,2% қысқарған;
- Қарағанды облысы – 8,8 мың тонна;
- Шығыс Қазақстан облысы – 8,5 мың тонна.
2022 жылдың қаңтар-сәуір айының қорытындысы бойынша жергілікті компаниялар жармаларға сұранысты өткен жылдағыдай 93 пайызға қамтамасыз етті. Импорт үлесі 7 пайызды құрап, Қазақстанға 2,5 мың тонна жарма әкелінді. Ал экспорт үлесі 12,5 пайыздан 9,1 пайызға дейін қысқарды. Қазақстан 4 айда сыртқы нарыққа 3,3 мың тонна жарма жіберді.
Оқи отырыңыз: Ет бағасы екі аптада 200 теңгеге қымбаттады
Ішкі нарықта 32,9 мың тонна жарма сатылды, көрсеткіш бір жылда 18,7% өскен.
Қазақстандықтар бәрінен көп қарақұмық жармасын тұтынды. Елде қарақұмық жармасын тұтыну бірінші тоқсанының қорытындысы бойынша жан басына шаққанда 1,5 кг құрады. Тұтыну көлемі бір жылда 0,2% өскен.
Сонымен қатар:
- ұнтақ жарманы тұтыну – 10,3%, жан басына шаққанда 410 грамға дейін;
- сұлы жармасы – 2,4%, 243 грамға дейін;
- тары – 5,2%, 184 грамға дейін.
2022 жылдың мамыр айының қорытындысы бойынша жарма (күрішті қоспағанда) бір айда 2,7%, жыл басынан 16,6% және бір жылда 27,1% қымбаттады.
Оқи отырыңыз: Қазақстанда азық-түлік бағасы әлі өсіп жатыр. Картоп, сәбіз, күнбағыс майының экспортына шектеу қойылды
Бағасы бір айда:
- арпа жармасы – 4,5%;
- ұнтақ жарма – 3,4%;
- сұлы жармасы – 2,8%;
- қарақұмық жармасы 2,6%;
- жүгері жармасы – 2%;
- тары жармасы – 1,3% қымбаттады.
Бір жылда:
- қарақұмық жармасы – 33,3%;
- арпа жармасы – 30,3%;
- ұнтақ жармасы – 22,3%;
- сұлы жармасы – 21,8%;
- тары – 16,1%;
- жүгері жармасы – 11,6% қымбаттады.