Тікелей эфир

Алакөлге апаратын жол құрылысы 2024 жылы толық аяқталады

Магистраль 2023 жылы ашылады деп күтілуде.

"Омбы-Майқапшағай" тас жолының Алакөл көліне апаратын бөлігін жөндеу 2024 жылы аяқталады. Бұл туралы орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте Абай облысының әкімі Нұрлан Ұранхаев мәлімдеді.

"Омбы-Майқапшағай" жолы 2025 жылы толығымен аяқталады. Қазір бізде Аягөзден ары қарай Алакөлге дейінгі шағын учаске бар. Жолдың қалған бөлігі де жөнделіп жатыр. Автомобиль жолдары комитетімен сөйлестім. Олар өткелді биыл ашамыз, келесі жылы жолды аяқтаймыз деп уәде берді", – деді Нұрлан Ұранхаев.


Оқи отырыңыз: 2023 жылы Астанадан Алакөлге Тальго пойызымен қатынауға болады


Облыс әкімі Алакөлге ұшақпен жетуге болатынын айтып өтті.

"Ұшу-қону жолағы жасалды, әуежай дайын. Біз де терминалды ауыстыруды жоспарлап отырмыз. Сондықтан ұшақпен ұшуға болады, Астанадан ұшу ұзақтығы 1 сағат 20 минуттай болады", – деді аймақ басшысы.

Серіктестер жаңалықтары