Биыл "Астана-Достық" бағыты бойынша Тальго пойызы іске қосылады, деп хабарлады "Жолаушылар тасымалы" АҚ.
2022 жылы Алакөл жағалауына теміржол көліктері 243 мың жолаушы жеткізген. Оның ішінде республиканың оңтүстік өңірінен келген туристер саны – 118 мың адам. Сондай-ақ, солтүстік аймақтан көлге және кері бағытта 72 мың жолаушы тасымалданса, Шығыс Қазақстан облысынан – 52 мың адам келген.
"Жолаушылар тасымалы" АҚ 2023 жылы жолаушылар орындарының санын 6%, яғни 276 мыңға дейін арттыруды жоспарлап отыр. Биыл туроператорлар үшін коммерциялық пойыздарға билеттерді ерте – пойыз жөнелтілгенге дейін 180 тәуліктен бастап брондау тәртібі қолданыста болады" делінген компанияның хабарламасында.
Еске салайық, 2022 жылы Алакөлге Алматы қаласынан қатынайтын Тальго пойызы іске қосылған болатын.
Оқи отырыңыз: Алакөл, Балқаш әлде Каспий? Қазақстанда көл жағасында демалу қанша тұрады?