Тікелей эфир

Қазақстанда 878 мыңнан астам адам коронавирусқа қарсы вакцина алды

Сурет astana.gov.kz сайтынан алынды
Сурет astana.gov.kz сайтынан алынды
Covid-19 вирусына қарсы екпе алғандардың бестен бір бөлігі – Алматы тұрғындары.

25 сәуірдегі мәліметтер бойынша, Қазақстанда коронавирусқа қарсы вакцинаның бірінші компонентін 878 067 адам алды, ал екі компонентті де – 157 010 адам алды, деп хабарлады ҚР Денсаулық сақтау министрлігі.

Вакцинаның бірінші компонентін алғандардың көбі – Алматыда, 176 823 адам. Бұл елімізде вакцинацияланғандардың бестен бір бөлігі. Көшбасшылар үштігінде Алматы облысы (118 809) және Нұр-Сұлтан қаласы (87 714) бар.

Вакцинациялау қарқыны бойынша артта қалғандар қатарында Атырау (15 287), Маңғыстау (18 746) және Қызылорда (21 208) облыстары бар.


Коронавирусқа қарсы вакциналар туралы оқи отырыңыз:

Серіктестер жаңалықтары