Қорылдан қалай құтылуға болады? Пайдалы кеңестер
Қорылдан арылу үшін халық емінен бастап хирургиялық оталардың көмегіне дейін жүгінуге болады.Қорылдап жатқан адам айналасындағыларды жайсыз сезімге душар етіп қана қоймай, өзінің денсаулығында кінәрат барын білмеуі мүмкін. Статистика бойынша, Жер бетіндегі ер азаматтардың 40 пайызы, ал әйел адамдардың 30 пайызы қорылдайды. Олардың басым бөлігі түнде қорылдамау үшін ешнәрсе жасамайды. Аздаған уақыт бөлу арқылы бұл зиянды "әдеттен" арылуға болады.
Адам неге қорылдайды?
Тыныс алу жолдары тарылған адамның тамағының жұмсақ тіндері бір-біріне тиген кезде қорылдаған дауыс шығады. Негізгі себептері:
- тыныс алу жолдарындағы патология;
- аденоидтар мен бездердің ұлғаюы;
- мұрын септумының қисаюы;
- артық салмақ пен эндокриндік аурулар;
- қартаю;
- шылым шегіп, алкоголь ішу;
- ұйықтатын дәрілерді көп ішу;
- тұмау;
- тыныс алу ағзаларының ісінуі.
Қорылдаудың қандай зияны бар?
Ұйықтап жатқан адамның тыныс алуы нашарлап, қанда оттегі азаяды. Осының әсерінен гипоксия, жүрек-қан тамырлары аурулары пайда болуы мүмкін. Бұдан бөлек қорылдау адамның жалпы жай-күйіне де әсер етіп, тұншығып жатқандай әсер сыйлайды.
Оқи отырыңыз: Жүкті әйелдерге теңізге баруға бола ма?
Мұны қалай емдеуге болады?
Емдеудің әртүрлі нұсқасы бар. Адамдар өзі үйде пайдаланып көре алатын тәсілдерден бастап, хирургиялық оталарға дейін.
Дәрі-дәрмекпен емдеу
Алайда бұл дәрі-дәрмек себебін емес, тек салдарын уақытша тоқтата тұруға бағытталған. Анда-санда ғана қорылдайтын болсаңыз, мұрынға арналған тамызғыштарды көруге болады. Мысалы, отривин, називин, санорин.
Халық емі
- Тамақты түймедақ тұнбасымен шаю ісікті кішірейтіп, қорылды уақытша тоқтатады.
- Шырғанақ майы – ылғалдандыру үшін. Ұйықтардан бірнеше сағат бұрын мұрынға тамызуға кеңес береді. Нәтижесін 2-3 аптадан кейін байқауға болады.
- Эфир майларымен ингаляция. Бұл үшін эвкалипт, розмарин, жалбыз және қарағай иісі шығатын эфир майларын пайдалануға болады. Мүңкіген иіс мұрынды бірден ашып, микробтарды өлтіреді және ісікті басады.
Қорылға қарсы құралдар
- Ортопедиялық жастық – уақытша қорылдамауға әсер етеді және төсекте жатқанда басқа ыңғайлы.
- Капа ұйықтап жатқанда жақты бірқалыпты ұстап тұрады және жоғары тыныс алу жолдарын кеңейтеді.
- Антиқорыл байлауышы – бұл да жақты бірқалыпта ұстап тұруға көмектеседі.
Оқи отырыңыз: Ұйқысыздық – ауру емес, синдром. Салдары неге әкеп соғады?
Хирургиялық жолмен емдеу
Мұрын септумы қисайып, құлақ, мұрын және тамақ жолдарында ісік пайда болғанда жасау қажет. Отадан кейін ауа тыныс алу жолдары арқылы еркін өтетін болады.
Ең әсерлі тәсілдердің бірі – лазермен ота жасау. Лазер тереңдегі тіндерге өтіп қана қоймай, отаны барынша қауіпсіз жасауға негіз болады.
Қосымша тәсілдер:
- салауатты өмір салтын ұстанып, зиянды әдеттерден арылыңыз;
- арықтаңыз;
- аллергендерден арылыңыз;
- жатын бөлмедегі ауаны ылғалдандырыңыз;
- шалқайып ұйықтамауға тырысыңыз;
Оқи отырыңыз: Ұйқысыздық, айкезбе. Ұйқының 5 кезеңінің бұзылуы ағзада қандай өзгерістерге әкеледі?
Теннис добымен лайфхак
Адам шалқасынан жатып ұйықтамауы үшін пижамасының артқы бөлігіне қалта тігіп, ішіне теннис добын салып қоюға болады.