Тікелей эфир

Жүкті әйелдерге теңізге баруға бола ма?

Дәрігер-гинекологтың айтуынша, егер жүкті әйел белгілі бір ережелерді сақтаса, теңіз жағалауындағы демалыс оған тек пайдалы болады.

Жүкті әйелдер баласына қауіпсіз болуы үшін қалай демалуы керек? Қандай қауіптер бар және олардың қалай алдын алуға болады? Бұл туралы Invitro компаниясының дәрігер-гинекологы Илона Довгаль айтып берді.

Жүктілік кезінде теңізге баруға бола ма?

Егер болашақ ана өзін жақсы сезінсе және қарсы көрсетілімдері болмаса, теңізге баруына болады. Әсіресе жүктіліктің екінші триместрінде, яғни 14-23 аптада бару пайдалы болмақ.

Себебі жүктіліктің бірінші триместрінде түсік тастау қаупі жиі кездесетіндіктен, бұл уақытта теңізде демалу жоспарын кейінге қалдырған жөн. Ал үшінші триместрде, әсіресе 32-ші аптадан бастап, мерзімінен бұрын босану қаупі бар. 

Ұшақ қалай әсер етеді?

Жүкті әйел қоршаған ортадағы өзгерістерді әлдеқайда күштірек сезінеді. Мысалы, ұшу және қону кезінде қысым төмендейді, мұны жүкті әйел қатты сезінеді. Бірақ ұшу ұзақтығы бұған әсер етпейді.

Ұшу кезіндегі тағы бір нюанс – салонда оттегінің аз болуы. Бұл ана мен жатырдағы балаға да әсер етіп, алаңдатуы мүмкін. Дегенмен ұшу ұзақтығы әйелдің жағдайына әсер етпейді.


Оқи отырыңыз: Жүктіліктің тоғыз айы. Аяғы ауыр әйелдер қандай медициналық көмектерді тегін алады?


Ұшуға қандай қарсы көрсеткіштер бар?

Плацентаның төмен орналасуы – ұшуға қарсы ең маңызды көрсеткіш. Қалғанының бәрі дәрігердің кеңесіне қарай шешіледі. Сондықтан ұшу алдында жүкті әйел, жүктілік мерзіміне қарамастан, акушер-гинекологқа барып, ұшу мүмкіндігі туралы кеңес алуы керек.

Ұшу кезі қауіпсіз болу үшін не істеу керек?

Тәуекелдерді азайту үшін жүкті әйелдерге келесі ұсыныстарды сақтау керек:

  • Барлық қажетті деректер жиналған құжаттарды бірге алып жүру;
  • Әйел өзін ыңғайлы сезінуі үшін кең киім кию;
  • Сусыздануды болдырмау үшін жеткілікті мөлшерде су ішу;
  • Ұшу кезінде қолдану үшін дымқыл майлықтар немесе сергітетін спрей алып жүру;
  • Ыңғайлы, аяқты қыспайтын аяқ киім кию;
  • Ұшу кезінде қауіпсіздік шараларын сақтау. Жүкті әйел қауіпсіздік белдігін ішінің астынан өткізіп таға алады. 

Оқи отырыңыз: Жүктіліктің тоғыз айы. Аяғы ауыр әйелдер қандай медициналық көмектерді тегін алады?


Жүкті әйелдер үшін теңізде қандай қауіп бар?

Ең алдымен, ыстық өту және суық тигізу қаупі бар.

Күн қатты ыстық болса, ыстық өтіп, вирустық инфекциялар жұқтыру қаупі артады және ол басқа кездегіге қарағанда әлдеқайда жылдам және күштірек жұғады.

Дәрігерлерде "жүктілік маскасы" деген сөз бар, ол – маңдайда, бет сүйектерінде және көздің айналасында дақтардың пайда болуы. Бұл күн сәулесінің астында ұзақ жүрумен байланысты, өйткені жүктілік кезінде тері жүктіліктен тыс уақыттағыға қарағанда сезімтал болады.

Ал суық өткен жағдайда жүкті әйелдің иммунитеті төмендеп кетуі мүмкін. Салдары ыстық өтуге өте ұқсас, бірақ төмен температура, сонымен қатар, циститке әкелуі мүмкін.

Теңізге саяхаттағанда қандай ережелерді сақтау керек?

Жағажайға күн сәулесінің зияны тимеуі үшін күндізгі сағат 11-ге дейін және кешкі сағат 16-дан кейін бару керек.

Теңіз суында шомылу – өте пайдалы және жағымды процедура. Ол жағымды эмоциялар сыйлағаннан бөлек, ана мен балаға да пайдалы. Теңіз суында жүктілікке оң әсер ететін микроэлементтер көп. Сонымен қатар онда жатырдағы баланың психикалық дамуына пайдалы йод қосылыстары бар.


Оқи отырыңыз: Есепке қою, сақтандыру және медициналық қызмет. Жүкті әйелдер білуі тиіс 7 мәлімет


Шомылғанда нені білу керек?

Біріншіден, судың температурасы 22 градустан жоғары болуы керек. Екіншіден, шомылуды өте қысқа мерзімді процедуралардан бастау керек: 5-7 минуттан бастап, жарты сағатқа дейін созуға болады. Жүзу анаға да, балаға да өте жақсы әсер етеді. Жүкті әйелдің денесін босануға дайындайды.

Сонымен қатар, теңіз ауасымен демалу да пайдалы. Себебі оның құрамында микроэлементтер және йод болады. Ол, сондай-ақ, иммунитетті күшейтіп, әйелді тыныштандырады және көңіл-күйді жақсартады.

Күнге күю кезінде күн сәулесінің зиян әсерінен қалай сақтану керек?

Сағат 11-ге дейін және 16-дан кейін жағажайға барып, күнге күйуге болады. Бірақ ананың және іштегі баланың терісін жағымсыз әсерлерден қорғау үшін күннен қорғайтын кремдерді қолдану ұсынылады.

"Егер жүкті әйел белгілі бір ережелерді сақтаса, теңіз жағалауындағы демалыс оған тек пайдалы болады", – дейді дәрігер-гинеколог.

Серіктестер жаңалықтары