Осы айдың соңына дейін қалада 114 890 доза вакцина таратылады. Оны бірінші кезекте мына санаттағы адамдар алады:

  • медицина қызметкерлері – 2 310;
  • педагогтар – 2 926;
  • құқық қорғау органдарың қызметкерлері – 1 834;
  • студенттер – 242;
  • диспетчерлік есепте тұрған созылмалы ауруы бар науқастар – 3 631;
  • балалар мекемесінің қызметкерлері – 246.

Алматы Қоғамдық денсаулық басқармасының баспасөз қызметінің хабарлауынша, 1 ақпаннан 5 сәуірге дейін Спутник V вакцинасын қалада 44 315 адам салдырды. Оның ішінде 6 200 адам вакцинаның екі компонентін алды.

"2 сәуірден 5 сәуірге дейін 28 713 азаматқа вакцина егілді. Өткен тәулікте 4764 адам вакцина алды. Вакцинаның қалған саны - 6 335 доза. Екпе салу процесі жалғасуда. 9 сәуір күні вакцинаның 5 траншы бойынша 57 445 доза көлемінде күтілуде. Ал қалған бөлігін 13 мамыр күні аламыз", – деп хабарлады баспасөз қызметі.


Оқи отырыңыз: 3 айда 6 млн адам коронавирусқа қарсы вакцина алады. Қыркүйекке дейін бұл көрсеткіш 10 миллионға жеткізілмек


Кеше Алматыда коронавирустық инфекцияны жұқтырған 585 науқас анықталды. Олардың:

  • 490-ы – симптомдық белгілері бар;
  • 95-і – симптомсыз сырқаттанғандар.

Қазір қаладағы инфекциялық стационарларда 3 146 адам жатыр. Науқастардың 77-сінің жағдайы өте ауыр.