Осы айдың соңына дейін қалада 114 890 доза вакцина таратылады. Оны бірінші кезекте мына санаттағы адамдар алады:
- медицина қызметкерлері – 2 310;
- педагогтар – 2 926;
- құқық қорғау органдарың қызметкерлері – 1 834;
- студенттер – 242;
- диспетчерлік есепте тұрған созылмалы ауруы бар науқастар – 3 631;
- балалар мекемесінің қызметкерлері – 246.
Алматы Қоғамдық денсаулық басқармасының баспасөз қызметінің хабарлауынша, 1 ақпаннан 5 сәуірге дейін Спутник V вакцинасын қалада 44 315 адам салдырды. Оның ішінде 6 200 адам вакцинаның екі компонентін алды.
"2 сәуірден 5 сәуірге дейін 28 713 азаматқа вакцина егілді. Өткен тәулікте 4764 адам вакцина алды. Вакцинаның қалған саны - 6 335 доза. Екпе салу процесі жалғасуда. 9 сәуір күні вакцинаның 5 траншы бойынша 57 445 доза көлемінде күтілуде. Ал қалған бөлігін 13 мамыр күні аламыз", – деп хабарлады баспасөз қызметі.
Оқи отырыңыз: 3 айда 6 млн адам коронавирусқа қарсы вакцина алады. Қыркүйекке дейін бұл көрсеткіш 10 миллионға жеткізілмек
Кеше Алматыда коронавирустық инфекцияны жұқтырған 585 науқас анықталды. Олардың:
- 490-ы – симптомдық белгілері бар;
- 95-і – симптомсыз сырқаттанғандар.
Қазір қаладағы инфекциялық стационарларда 3 146 адам жатыр. Науқастардың 77-сінің жағдайы өте ауыр.