"Біздің қазіргі басты міндетіміз – санитарлық-эпидемиологиялық жағдайды тұрақтандыру және вакцина алғандардың санын арттыру. Денсаулық сақтау министрлігі вакцинация бойынша жоспар әзірледі. Биылғы сәуір, мамыр және маусым айларында өңірлерде ай сайын 2 млн адамға вакцина салу мүмкіндігі қамтамасыз етіледі", – деді Үкімет отырысында Премьер-министр Асқар Мамин.
Ал қыркүйек айына дейін 10 миллионға жуық адамға коронавирусқа қарсы вакцина салынбақ. Ол ұжымдық иммунитетті қалыптастыруы тиіс.
Денсаулық сақтау жүйесі дәрілік заттар мен медициналық бұйымдардың қажетті көлемімен толық қамтамасыз етілді. Ауруханаларда дәрі-дәрмектердің айлық қоры бар. Ал "СК-Фармация" қоймаларында және дәріханаларда 2 айлық қор жасақталған. Сондай-ақ, барлық өңірде дәрі-дәрмектердің, жеке қорғаныс құралдарының 3 айлық тұрақтандыру қорлары құрылған.
Оқи отырыңыз:
- Алматыда коронавирусқа қарсы вакцина салдыруға болатын емханалар мен медорталықтардың тізімі
- Коронавирусқа қарсы вакциналар Қазақстанға құрғақ мұзды қолдану арқылы тасымалданады
- Коронавирусқа қарсы вакцина салу. Не білу қажет?
- Алматыда коронавирусқа қарсы вакцинаны қалай алуға болады? Дәрігерлер вакцинация туралы сұрақтарға жауап берді