"Самұрық-Қазына" қоры БАӘ-нде жасалған Hayat-Vax қытайлық вакцинасының 1 млн дозасын сатып алды
Вакцина қызметкерлер мен олардың отбасы мүшелеріне салынады."Самұрық-Қазына" ұлттық әл-ауқат қоры коронавирусқа қарсы Hayat-Vax вакцинасының 1 млн дозасын сатып алды. Қытайлық вакцина Біріккен Араб Әмірліктерінде өндірілген. "СК-Фармация" мәліметінше, вакцинаның бір дозасының құны – 31 доллар. Тиісінше, жалпы құны 31 млн доллар.
Бұған дейін қордың ресми сайтында Мемлекет басшысының тапсырмасына және 2021 жылғы 13 сәуірдегі Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысына сәйкес, "Самұрық-Қазына" АҚ Covid-19 вакцинасының 500 мың адамды вакцинациялауға мүмкіндік беретін 1 млн. дозасын сатып алуды қаржыландырғаны хабарланған болатын.
"Самұрық-Қазына" компаниялар тобындағы эпидемиологиялық жағдай ерекше бақылауда және басым мәнге ие. Қор – қызметкерлердің және олардың отбасы мүшелерін вакцинациялаумен қамтудың барынша жоғары деңгейіне бағытталған", – делінген ресми хабарламада.
Оқи отырыңыз:
- Коронавирусқа қарсы вакцина салу. Не білу қажет?
- "Спутник V" вакцинасы туралы не білеміз?
- Қазақстанда жаппай вакцинация басталды. Екпе салдыру кімдерге қауіпті?
- Қазақстан Pfizer вакцинасын сатып алады. Елдегі эпидахуал қандай?
- Covid-ке қарсы вакциналар: 8 факт пен 4 сұрақ
- Коронавирусқа қарсы түрлі вакцинаны қатар алуға бола ма? Мамандар жауап берді
- ҚМДБ "Спутник V" вакцинасы халал екенін мәлімдеді
- Ауыз берік кезде вакцина салдыру оразаны бұзбайды