ҰБТ тапсыру кезінде таңдау пәнін ауыстыруға бола ма?
Руслан Емелбаевтың айтуынша, бейінді пәнді ауыстыру мүмкіндігі тек ақылы ҰБТ тапсыру кезінде ғана қолжетімді.Талапкерлер мемлекеттік білім беру грантына тапсыруға арналған ҰБТ тапсыру кезінде таңдау пәндерін ауыстыра алмайды. Бұл туралы Ұлттық тестілеу орталығының директоры Руслан Емелбаев мәлімдеді.
"Негізі, яғни білім беру грантына арналған ҰБТ-ның екеуінде де талапкердің таңдаған пәндер комбинациясы бірдей болуы керек. Оны ауыстыра алмайды", – деді орталық директоры.
Руслан Емелбаевтың айтуынша, бейінді пәндерді ауыстыру мүмкіндігі тек ақылы ҰБТ тапсыру кезінде ғана қолжетімді.
Оқи отырыңыз:
- 14 – 18 ақпандағы ҰБТ-ға тегін дайындық сабақтар кестесі
- Қаңтарда ҰБТ тапсырған 21 мыңға жуық талапкер шекті балл жинай алмады
"Қаңтар, наурыз және тамыз айындағы ҰБТ-ларда, яғни ақылы негізде өтетін ҰБТ тапсыру кезінде талапкерлер бейінді пәндердің комбинациясын ауыстыра алады. Мысалы, қаңтар айында "математика-физиканы" тапсырып, наурыз айында қаласа "ағылшын тілі-дүние жүзі тарихын" тапсыра алады", – деп түсіндірді ол.
Бұған дейін қаңтар айындағы ҰБТ-дан 21 мыңға жуық талапкер шекті балл жинай алмағаны туралы жазған едік.