Әр пән бойынша ең кемі 5 балл жинай алмаған талапкер жоғары оқу орнына түсе алмайды.
Ұлттық тестілеу орталығы түрлі мамандықтар бойынша 2023 жылғы ҰБТ шекті балын хабарлады.
Білім беру салалары бойынша 2023 жылғы шекті балдар келесідей:
- "Құқық" – кемінде 75 балл;
- "Педагогикалық ғылымдар" – кемінде 75 балл;
- "Денсаулық сақтау" – кемінде 70 балл;
- "Ауыл шаруашылығы және биоресурстар", "Ветеринария" – кемінде 60 балл.
Сондай-ақ, ұлттық жоғары оқу орындарында білім алу үшін кемінде 65 балл жинау қажет болса, басқа оқу орындарының шекті балы 50 балл болып белгіленген. Әр пән бойынша шекті балл – 5 балл.
Оқи отырыңыз: ҰБТ-2023: Үміткерлерді қандай өзгерістер күтіп тұр?
Ескерте кетейік, әр жоғары оқу орны білім беру бағдарламары тобы бойынша өз шекті балын белгілейді.