Шерзат Полаттың ісі: Сот 31-арнаның youtube арнасында көрсетіліп жатыр
Талдықорған қаласындағы Жетісу облысының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотында Шерзат Полаттың өліміне қатысты іс бойынша алдын ала тыңдау басталды.
Процеске қатысушылардың пікірін ескере отырып, сот отырыстарды ашық режимде өткізу туралы шешім қабылдады. Іс бойынша алдын ала тыңдалым жазбасын мына жерден көруге болады:
Жетісу облысының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соты Шерзат Полаттың өліміне қатысты істің қаралу кестесін бекітті.
Отырыс бейсенбі және жұма күндері өтетін болады. Келесі сот отырысы 17 сәуірде өтеді. Процесті судья Ержан Жанұзақов жүргізеді. Прокурорлар – Ержан Құракбаев пен Дана Сәрсенбай.
Еске салсақ, 16 жастағы Шерзат Полат 2024 жылғы 4 қазанда төбелес кезінде пышақ жарақатынан қайтыс болды. 11 адам қамауға алынды.
Оқи отырыңыз: Шерзат Полаттың ісі: Екі күдіктіге ғана "кісі өлтіру" бабы бойынша айып тағылды
Шерзаттың отбасының Азат ауылындағы үйі шамамен бір апта өткен соң өртеніп кетті. Бас прокуратура бұл үйдің әдейі өртелгенін хабарлады. 21 қаңтарда 40 сот-медициналық сараптама жүргізіліп, 200-ге жуық куәгерден жауап алынған тергеу аяқталды. Қылмыстық істің көлемі 62 томды құрады.