
Талдықорған қаласында Шерзат Полаттың өліміне қатысты іс бойынша сот процесі басталды. Прокурор Ержан Құрақбаев айыптау актісін оқып, осы іс бойынша 9 айыпталушыға қандай айып тағылғанын айтты. Оларға "адам өлтіру", "адам өлтіруге оқталу", "ұрлық", "бұзақылық" және "қылмыс туралы хабарламау" фактілері бойынша қылмыстық іс қозғалды.
А. Шынасыл мен Р. Сакиевке тағылан айыптар:
- Қылмыстық Кодекстің 99-бабы. "Адам өлтіру";
- 24-бап. "Қылмысқа дайындалу және қылмысқа оқталу",
- 293-бап. "Бұзақылық".
А. Тоқтаубаевқа тағылған айыптар:
- 293-бап. "Бұзақылық";
- 188-бап. "Ұрлық".
Д. Әскентай, Ш. Белғожаев, Н. Ильясов, Н. Тоқтаубаев, Д. Қалиахметке 293-бап "бұзақылық" айыбы тағылған.
Кәмелетке толмаған Д. Ы-ға Қылмыстық Кодекстің 434-бабы "қылмыс туралы хабарламау" бойынша айып тағылды.
Мемлекеттік айыптаушы Ержан Құрақбаев оқыған айыптау актісі мынадай. А. Шынасыл бұзақылық, яғни қоғамдық тәртіпті қоғамды құрметтеу анық көрінетін, азаматтарға күш қолданумен не оны қолдану қатерін төндірумен, алдын ала сөз байласу арқылы адамдар тобы болып барынша арсыздықпен ерекшеленетін әдепсіз әректетер жасаумен ұштасқан аса қатыгездікпен бұзушылық іс-әрекеттер жасаған, яғни Қылмыстық Кодекстің 293-бабы 3-бөлігінде көрсетілген қылмысты жасаған. А. Шынасыл адам өлтіру, басқа адамға қатысты қасақана қазаға ұшырату аса қатыгездікпен, бұзақылық ниетпен, көрінеу кәмелетке толмаған адамға қатысты жасаған, яғни Қылмыстық Кодекстің 99-бап 2-бөлімі, 5, 9, 14-тармақтарында көрсетілген қылмысты жасаған. Бұдан басқа ол адам өлтіруге оқталу, яғни басқа адамға қарсы қасақана қазаға ұшырату, екі немесе оданда көп адамды бұзақылық ниетпен адамдар тобы болып жасаған, яғни Қылмыстық Кодекстің 24-бап 3-бөлігі, 99-бап 2-бөлімі 1, 7, 9-тармақтарында көрсетілген қылмысты жасаған.
Оқи отырыңыз: Шерзат Полаттың ісі: Сот 31-арнаның youtube арнасында көрсетіліп жатыр
Р. Сакиев бұзақылық, яғни қоғамдық тәртіпті қоғамдық құрметтеумен анық көрінетін азаматтарға қарсы күш қолданумен не оны қолдану қатерін төндірумен алдын ала сөз байласу арқылы адамдар тобы болып барынша арсыздықпен ерекшеленетін әдепсіз әрекеттер жасаумен ұштасқан аса қатыгездікпен бұзақылық іс-әрекеттер жасаған, яғни Қылмыстық Кодекстің 293-бап 3-бөлігінде көрсетілген қылмысты жасаған. Сонымен қатар адам өлтіруге оқталу яғни басқа адамға қарсы қасақана қазаға ұшырату, бұзақылық ниетпен адамдар тобы болып жасаған, яғни Қылмыстық кодекстің 24-бап 3-бөлімі, 99-бап 2-бөлімі 7, 9-тармақтарында көрсетілген қылмысты жасаған.
Ш. Белқожаев, Д. Аскентай, Н. Ілиясов, Н. Тоқтаубаев, Д. Ғалиахмет, А. Тоқтаубаев бұзақылық, яғни қоғамдық тәртіпті қоғамдық құрметтеумен анық көрінетін азаматтарға қарсы күш қолданумен не оны қолдану қатерін төндірумен алдын ала сөз байласу арқылы адамдар тобы болып пышақтарды және өзге де денсаулыққа зиян келтіру үшін арнайы лайықталған басқа да заттарды қолданумен сол сияқты барынша арсыздықпен ерекшеленетін әдепсіз әрекеттер жасаумен ұштасқан аса қатыгездікпен бұзушылық іс-әрекеттер жасаған, яғни яғни Қылмыстық Кодекстің 293-бап 3-бөлігінде көрсетілген қылмысты жасаған.
Кәмелетке толмаған Д. Ысқақ жасалған анық белгілі аса ауыр қылмыс туралы хабарламаған, яғни ол Қылмыстық Кодекстің 434-бабында көрсетілген қылмысты жасаған.