Шерзат Полаттың өлімі: тергеу аяқталды, енді сот отырыстары басталады

Фото интернеттегі ашық дереккөздерден алынды
Фото интернеттегі ашық дереккөздерден алынды
Тараптар қылмыстық істің материалдарымен танысып болды.

Шерзат Полаттың өліміне қатысты тергеу жұмыстары аяқталды. Қылмыстық іс материалдары сотқа жолданды, деп хабарлады Алматы облысының полиция департаменті

Тергеу барысында 40 сот сараптамасы жүргізілді, шамамен 200 куәгерден жауап алынды, барлық күдіктілердің оқиға орнында айтқан жауаптары тексерілді, процесс қатысушылары арасында беттестірулер өткізілді, сондай-ақ қылмыстың барлық мән-жайын анықтауға бағытталған өзге де тергеу әрекеттері жүзеге асырылған.

"Қылмыстық іс 62 томнан тұрады, оның ішінде барлық жиналған дәлелдемелер, сараптама қорытындылары, жауап алу хаттамалары және басқа да маңызды материалдар бар. Әрбір тергеу әрекеті қылмыстық заңнама талаптарына сәйкес жүргізілді, тергеудің барлық кезеңдерінде заңдылық, ашықтық және объективтілік қамтамасыз етілді. Тергеудің барысы және процесс қатысушыларының конституциялық құқықтарының сақталуы прокуратура органдарының бақылауында болды", – делінген полиция департаментінің хабарламасында.

Еске салайық, 4 қазанда Талғарда 16 жастағы Шерзат Полат төбелес кезінде жарақат алып, қайтыс болды. Бұл іс бойынша полиция 11 адамды ұстады. 12 қазанға қарағанда марқұм Шерзаттың отбасы тұрған үй өртеніп кетті. Бас прокуратураның хабарлауынша, үй қасақана өртелген.


Оқи отырыңыз: "Мені Шерзаттың жанына жерлеңіз". Нұрқанат Ғайыпбаев соңғы SMS-хабарламасында не жазды


 

Бұл мақала сізге пайдалы болды ма?
0

  Егер мәтінде қате болса, оны белгілеп, Ctrl+Enter батырмасын басыңыз

  Егер мәтіндегі қатені смартфонда көрсеңіз, оны белгілеп, «Қатені хабарлау» батырмасын басыңыз

Серіктестер жаңалықтары