Қазақстанның оңтүстігінде таңертең ерте екі теміржолшы пойыздың астында қалды. Бұл туралы "Қазақстан темір жолы" хабарлады.

Қайғылы оқиға Шығанақ-Шу теміржол учаскесінің Жиделі және Берлік стансаларының арасында болған.

"Пойыз машинисі апаттық тежегішті басқан, бірақ апаттың алдын алу мүмкін болмады. Барлық мән-жайды анықтау үшін оқиға орнына ұлттық теміржол операторынан комиссия шықты", – деп жазылған хабарламада.


Оқи отырыңыз: Атырау облысында жолаушылар пойызы бес түйені басып кетті


Ұлттық компания оқиғаға қатысты тергеуді бастап, қаза болғандардың отбасына қажетті көмек көрсетілетінін айтты.